ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЕКПЕ КІМДЕРГЕ ТЕГІН САЛЫНАДЫ?

14:15, 10 қазан 2019

Облыста тұмауға қарсы екпе жұмыстары қызу жүріп жатыр. Былтыр 6395 адам суық тиіп ауырған. Биыл тиісті кезеңмен салыстырғанда науқастар саны 400-ге азайған. Дегенмен бұл көңіл қуантарлық көрсеткіш емес,дейді дәрігерлер. Тұмауға қарсы вакцина жұмыстарын жүргізу үшін қазынадан 212 млн-ға жуық қаржы қаралған. Жалпы, екпенің адам денсаулығына пайдасы қандай? Кімдерге тегін жүргізіліп жатыр?

Тұмаудың алдын алу үшін ең бірінші эпидемиялық кезең басталмай жатып  вакцина салдыру қажет. Былтыр облыста тұмаудың алғашқы білгілері   желтоқсан айының соңында тіркелген. Ал, қаңтар мен ақпан айлары  вирустың нағыз қозатын кезеңі. Сондықтан  екпе адамдарды қатерлі дерттен қорғайды - дейді, мамандар.

Камила Тұржанова - Бас дәрігердің сапа жөніндегі орынбасары

Аударма! Екпе егу- адамзатты жұқпалы аурулардан қорғай отырып, алдын алады. Вакцинациялау – медицина ғылымының сөзсіз жетістігі, соның арқасында көптеген адамдардың өмірін құтқаруға болады. Біздің өңірде тұмауға шалдығатындар жиі кездеседі. Себебі, ауа райы мұнда таңғы уақытта қатты суық болса, түскі уақыт тым ытық болады. Салдарынан жұқпалы аурулар бойынша аурушаңдық деңгейінің күрт өсуі туындап отыр.

Тұмауға қарсы тегін екпені бірінші кезете медицина қызметкерлері, 2-3 айлық жүкті әйелдер, созылмалы ауруларымен диспансерлік есепте тұрған ерсектер мен балалар алда. Оған қоса бұл тізімде  жиі ауыратын 6 жастан асқан балалар, жабық мекемелердегі адамдар бар. Вакцинаға  бюджеттен  212 млн-ға жуық теңге бөлінген.

 Нұрбек Нышанов - Түркістан облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметінің басшысы

Екпе жұмыстары 1-ші қазан айынан бастап, қараша айына дейін жалғасады. Себебі білесіздер былтығы жылы бізде осы тұмау ауруының тіркелу уақытысы желтоқсан айынан басталып,ақпан айына жалғасады. Бұл вакцина Ресей елінен әкелінген. Гриппол+ деген вакцина қолданылады. Ол штаммы А1,А3, В қарсы жүргізіледі. 

Айта кетейік, тұмау  жұққан адамның дене қызуы көтеріліп, әлсіздікке ұшырайды. Салдарынан басы қатты ауырып,  бұлшық ет пен буындары сырқырап аурады екен.  Үй жағдайында ем қабылдау қауіпті. Сондықтан дертті асындырып алмай дер кезінде екпе алған жөн, дейді  дәрігерлер. Түркістан облысы бойынша тұмауға қарсы вакцинация Қалалық орталық емханада жүргізілуде.

М.ӘСЕМБЕК                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...