ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ЕЛ АУМАҒЫНДА 41 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

14:02, 6 желтоқсан 2018

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жыл соңына дейін еліміздің он облысында 41 замануи спорт алаңы салынады. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында 10 «workout» яғни жаттығу алаңы жасақталмақ. Мұндай игілікті іс «Менің елім» деп аталатын әлеуметтік инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асады. Бүгінге дейін қордың қаржысына 10 өңірде осындай спорт алаңы салынып, ел игілігіне берілді.

         Тұрғы үйдің ауласындағы мына алаң Бағдәулеттің күнделікті жаттығатын орны. Мұнда денені шынықтыруға керектінің барлығы бар. Сергектік пен салматтықты қалайтын жасөспірім күнде таңертең достарымен осында жиылады.   

БАҒДӘУЛЕТ ҚАНАЙ —  ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

         Біз алдын жаттығу үшін қладағы спорт кешендеріне баратын ек. Ол жер білесіз, өте қымбат. Ал қазіргі таңда осы жер салынғалы бері азанғы уақытта ерте тұрып, жүгіріп, мына алаңда яутбол ойнаймыз. Жаттығу жасаймыз. Бұл біздің денсаулығымызға өте пайдалы.

         Әмбебеп спорт алаңы спортпен кәсіби тұрғыда шұғылданып жүрген жастардың да жаттығу өткізетін орны. Футбол спорт мектебінің тәрбиеленушілері аптасына 4 рет осында доп тебеді. Оны алып жүрудің айла тәсілдерін үйренеді. Қазір Шымкентте осындай екі алаң бар.

НҰРСҰЛТАН ЗҰЛПЫХАР — СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ

         Бұл жасанды алаң. Яғни қатты жарақат алмайсың. Жаттығу жасағанға ыңғайлы. Талапқа сай. Бәрі таза, жақсы дайындалған. Қыста да, жазда  да жаттығуға болады.

Аумағы 1мың  280 шаршы метр болатын аумақ: футбол мен хоккейге арналған алаңнан, жаттығу аймағы және балалар ойын алаңшасынан тұрады. Олардың табаны жасанды көк шөппен, ал балалар алаңы мен жаттығу аймағы денені жарақаттамайтын резинадан жасалған тартан материалымен жабылған. Тағы бір  ерекшелік алаңдар инклюзия элементтерін қамтиды. Бұл ерекше қабілеті бар балаларға  арналған. Қордың қолға алған  бұл ісі келер жылдары да жалғасын табады. Жалпы, «Менің елім» бағдарламасының басты мақсаты халықтың саулығын жақсарту.  Және өңірлердегі өмір сүру сапасын Астана және Алматы қалаларындағы деңгейге жеткізу болып отыр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЙДЫ
22:39, 22 ақпан 2019
АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАН...
Толығырақ...
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:22, 22 ақпан 2019
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОЛ  КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН  ЧЕМПИОНАТЫ  БАСТАЛДЫ
12:43, 18 ақпан 2019
ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
17:26, 18 ақпан 2019
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  АШЫЛДЫ
20:28, 20 ақпан 2019
ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Толығырақ...