ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУ АРНАДЫ

17:56, 2 қыркүйек 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы еліміздің өркендеуіне тың серпін болғалы тұр. Әсіресе әлеуметтік саланың деңгейін көтеруге бағытталған жобаны жұртшылық оң ықыласпен қабылдауда. ҚР құрметті журналисі Байдулла Қонысбеков жаңа президенттің алғашқы жолдауын әріптестерімен бірге тыңдады.

Ел президенті экономика саласына басымдық берііп отыр.  Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болатындығын атап өтті.Экономиканың дамуына тың серпін беру үшін Үкімет пен Президент Әкімшілігі отандық және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажеттігін қадап айтты. Сонымен қатар басты мәселе ел тыныштығын  сақтайтын құрылымдардың жұмысын ширату керектігі.

 Байдулла Қонысбеков – ҚР Құрметті журналисі

Әрине темірдей тәртіп болмай кез – келген елдің көсегесі көгермейді. Ел Президенті ішкі істер саласы өзгеде құрылымдар қоғамдық тәртіпке сүбелі үлес қосу керектігін өте орынды айтты.

Биылғы жолдау шенеуніктерге қуантарлық болмады. Себебі бюрократияны болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметкерлер санын алдағы жылдары азайту мәселесі қозғалды. Ал білім саласында жүрген қызметкерлердің жалақысын келесі жылдан бастап 25 пайызға көтерілетіндігі  білім саласына деген оң ықыласты танытып тұр.  

Байдулла Қонысбеков – ҚР Құрметті журналисі

Ұлттың ұстазы ол мұғалімдер. Олардың жалақысын көтеру деген орынды шешім. Бала тәрбиесімен айналысу жауапты қызмет.

Мемлекет басшысының жолдауында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың кедейлік деңгейін көтеру керектігі ерекше орын алды. Әсіресе баспана құнының пайыздық молшерлемесін төмендету. Алғашқы жарнаны 10 пайыздан асырмау керектігі көптеген аз қамтылған отбасыларға демеу болатындығы белгілі.  Президенттің жолдауы халықты қолдауға бағытталып отыр.   

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...