ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЕЛБАСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

19:23, 10 қыркүйек 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады. Кездесу барысында Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының қазіргі қызметі мен жұмыс жоспарлары туралы ақпарат берілді. Қазіргі таңда Мәжілістің қарауында 45 заң жобасы бар. Барлық 3 фракция жұмысына кірісті. Елбасы тапсырмалары, сайлауалды уәделердің орындалуы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асуын сапалы бақылау міндеттер бар. Сонымен қатар, тұңғыш Президентке Еуропа мен Азия елдері парламенттері спикерлерінің кеңесіне дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Үлкен халықаралық жиынға әлемнің 65 елінен келген делегат қатысады. Елімізде мұндай жоғары деңгейдегі парламенттік іс-шара соңғы 20 жылда алғаш рет өткізіліп отыр. Еуропа және Азия елдері парламенттері спикерлерінің биылғы кездесуі Сіздің еуразиялық интеграция туралы идеяңыздың 25 жылдығына арналған.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар