ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЕЛБАСЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

19:14, 23 наурыз 2019

Қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күнін кең көлемде тойлап жатыр. Астанадағы басты мерекелік шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, халықты Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің маңайы бүгін ерекше шырайлы. Этноауылға ертемен ағылған халықтың легі қалың. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен мерекелік алаңға арнайы келіп, қазақ елін Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.

Шадыман шаттығын жетелеп келген Әз Наурызда отау құрып, болашаққа бірге қадам басқан жас жұбайлар да алаңда жүр. Елбасы оларға ақ батасын берді.

  CҰЛУШАШ ТЕМІРХАНОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Наурызда Елбасымыздан бата алып, үлкен қадамға жол бастап отырмыз. Елбасымыздан бата алу біз үшін үкен бақыт. Сол үшін рахмет айтамын.

Егемендіктің жемісі болған әз Наурыз ұмыт қалған дәстүрлерді жаңғыртуымен ерекшеленіп келеді. Жыл сайын айрықша тойланатын көктемнің көрікті мерекесі, бірлік пен берекенің символына айналды. Осы күні мерекелік алаң қазақтың өмір салтынан көрініс берді.  Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар қойылды. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар көрсетіліп, жастар ұлттық спорт түрлерінен сайысты.

Наурыз – алыс-жақынды ағайынмен қауыштыратын мереке. Бұл күні Елордаға елдің түкпір-түкпірінен бөлек, шетелден ағылған қонақтар мен қандастар да көп болды.

 ИЗАБЕЛЬ ФОНТЕН БЕЛЬГИЯ ТҰРҒЫНЫ

Бұл мереке ерекше ұнады. әдет-ғұрыптарыңызды көріп, таң қалдым. Қазір ұлттық тағамнан дәм татамын.

 АЙГЕРІМ ЕРСАЙЫНОВА ПАРИЖ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Қазақ елінде осы мейрамды, біздің жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Бізде әр жыл сайын Францияда Қазақстан елшілігімен қосылып, Наурыз тойын тойлаймыз. 

 АСИМА НҰРБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Ұлыстың ұлы күні еңселі Елордада осылайша кең көлемде аталып өтілуде. Жалпы, Наурыз мейрамы жалпыхалықтық сипатқа ие болағанын бүгінгі мерекеге жиналған халықтың нөпірі айғақтап тұрғандай. Мерекелік шаралар легі осымен тәмамдалмайды. Алдағы күндері де жалғаса бермек

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...