ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЕЛ ПАЙЫМЫ

12:14, 26 наурыз 2019

Билік бір кісінің басында тұра бермейді. Тарихта мәңгі тақта отырған патша жоқ. Елбасының өз өкілеттігін тоқтатып, өзі құрған алып мемлекеттің тізгінін уақытша Тоқаевқа сеніп тапсырғаны – елдегі мамыражай заманның бір белгісі. Айқын көрінісі. Әйтсе де, елдің аты – Қазақстан, ердің аты – Нұрсұлтан. Қазақстан, Нұр - сұлтан, Назарбаев дейтін сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғым болып қала бермек. Бүгінде, екі кісі жолықса, айтылатын әңгіменің ауаны осы. Елбасы туралы ел пікіріне құлақ түрсек...

 Қазір мамыражай заман. Бүгінде қазақ, таңертең үйінде шай ішіп, Парижде түстенеді. Кешке өз үйі өлең төсегіне қайта оралып, арайлы таңды өз Отанында қарсы алады. Мұндай жағдай бүгінде ешкімді де таңқалдырмайды. Елбасының қадір-қасиетін осы тұрғыдан да бағалауымыз керек.

Қазақтың құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған соншама алып далада, мұндай алып кеңістікте мемлекет құру қиынның қиыны еді. Бір кезде жығылған Орданы қайта тігу, құлаған туды қайта тіктеу, елдің елінің ғана, ердің ерінің ғана қолынан келетін іс еді. «Бізде ондай елдің де барын, бізде ондай ердің болғанын мәңгі мақтаныш етеміз»,-дейді халық қалаулысы Ғани Ахметбаев.

Ғани Ахметбаев – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты

 Қызмет берсе мақтағаннан, қызметтен алса даттағаннан әуелден-ақ сақ елміз. Ошақтың бұты үшеу болғанымен, ұлт біреу. Өкпешілдік өрге бастырмайды. Мұны ел жақсы біледі. Түсінеді. Сондықтан да, Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп атауды халық қос қолдап қолдайды.

Баян Жандосова – Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы  

Нұр-Сұлтан қаласы – азаттықтың астанасы. Алты алаштың айбары мен қорғаны. Астана қаласының елі сүйген, елін сүйген азаматтың атымен аталғанына алаш жұртының анық пайымы осы.

Г. Қалмырзақызы                                              

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...