ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ КӨПКЕ ҮЛГІ

18:34, 29 қараша 2019

Елбасы жолы көпке үлгі. Сондықтан кемеңгер тұлғаның атқарған ісін жастар білгені дұрыс. «Көшбасшы феномені», деп аталған республикалық акция барысында елге танымал азаматтар жастарға лекция оқыды. Ал, облыс әкімдігі ұйымдастырған форумда Тұңғыш Президенттің әлем сахнасында алған орыны сараланды.

Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетің студенттеріне  лекция оқуға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы -Жеңісбек Мәуленқұлов келді. Жеңісбек аға Тәуелсіздік алған тұстағы қиындықтарды қалай еңсергенімізді жастарға баяндап берді. Әрбір қиын сәтте көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаевтың тығырықтан шығар тиімді жолды таңдай білгені айтылды..

Жеңісбек Мәуленқұлов-Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Ия, инвесторлар тарту үшін оларға көптеген жеңілдіктер беру керек болды. Президент білді оның көп сұрап отырғанын дегенмен ол кездегі жағдайды сезіне отырып, халық үшін жеңілдіктерге баруға тура келді.

Еліміздің бүгінгі жағдайы өзгелерден оқ бойы озық. Дамыған 30 елдің қатарына кіруге ниет қылдық. Өткенге құрмет көрсетпей болашақ жоқ. Бүгінгі жастар мұны терең сезінеді.

Ермұхамбет Мықтыбекұлы- Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенті

Бүгін ақсақалдар төрағасы келіп бізге Нұрсұлтан Әбішұлының еңбектерін айтып жатыр. Нұрсұлтан әбішұлы атамыз бізге дейін қанша еңбектер істепті оны біз бағалаймыз. 

Көшбасшы феномені бір күнде немесе бір жылда туындамайды. Ол жастық шақтан бастап өз құрдастарының алды болды. Белсенділігімен көзге түсіп, жастайынан елге танылды.

Әсетулла Каримов- Елбасының курстасы

Біз Украинаның Днепродзержинск қаласында   металлургияны дамыту үшін оқуға барғанбыз. Сонда Нұрекең біздің көшбасшымыз болды.

Бүгінде әлемде Қазақстан мен Назарбаев атауы егіз ұғым секілді. Ұлт көшбасшысы бейбіт сүйгіш  ел екенімізді дәлелдеді. Бүгінде әлемдік аренада бітімгершілік миссиясын орындауда. Жауласқандарды татуластыру, тек беделді тұлғаның ғана қолынан келетін үлкен жұмыс.

Мархабат Байғұт- Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері

Елбасымыздың қазіргі әлемдегі беделі өте жоғары. Қай ел болмасын қөазіргі таңда біздің елбасыны ақылшы тұтады. Біздің Елбасымызбен санасады.

Тәуелсіздік алған тұста біздің ел тізгіні көреген көшбасшыға бұйырды. Міне содан бері Қазақстан әлем картасында өзінің орынын айшықтады. Бүгінде дүниежүзі Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуға ұмтылады. Өйткені біздің ел уәдеге берік, бейбітсүйгіш ел. Бұл Тұңғыш Президентіміздің қалыптастырған бренді десек болады.

Н.Кенжехан              

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...