ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕНІҢ ИГІЛІГІ

18:24, 10 қаңтар 2019

Түркістандықтар үйден шықпай-ақ медициналық сараптаманың қорытындысына қол жеткізіп, дәрігерден кеңес алып отыр. Сонымен қатар, соңғы уақытта облыс орталығының тұрғындары медициналық мекемелерге электронды түрде кезекке тұрып, сол арқылы өз дәрігерін үйге шақыруда. Мұның барлығы елдегі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жемісі. Айтып өтейік, бүгінде қаладағы емханалардың жұмысы 100 пайыз электронды жүйеге көшкен. Ал, тіркелген азаматтардың 70-80 пайызы жаңа жүйені пайдалануда.

Түркістандағы «Дамумед»қосымшасын жиі пайдаланатындардың бірі- Гүлчеһра. Ол, соңғы уақытта өз уақытын үнемдеу үшін медициналық қызметтің көп түрін электронды жүйе арқылы алуды үйреніп алды. Сол дағдысынан бүгінде жаңылған жоқ. Дәрігер қабылдауына үйінде отырып тіркелді. Ол үшін уақыты кеткен жоқ. Емханаға келгесінде көп кезек күтпеді.

Гүлчехра Абдуллаева – Түркістан қаласының тұрғыны

Мен қазір Дамумед қосымшасын көп пайдаланамын. Ол арқылы анализдердің жауабын үйде отырып-ақ алуға болады.Мәселен алдыңғы жүктілігімде живой кезекте тұрып көп уақыт жоғалтатын едім.Қазір жақсы болды.  

 Түркістан қалалық емханасы 91 мыңнан астам тұрғынға  медициналық көмек көрсетеді. Бүгінде мұндағы жұмыс толықтай электронды жүйеге көшірілген. Нәтижесінде емханада қағазбастылық азайып, кезек саны қысқарды.Сонымен қатар, соңғы уақытта медициналық мекеменің қағазға кететін шығыны да 60 пайызға азайды.

Айдана Аяғанова – Түркістан қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары

Электронды жүйенің арқасындасоңғы уақытта емханаға бару 9 адамнан 2 адамға дейін, «тірі кезек» 30 минуттан20 минутқа, тексеру қорытындысын алу уақыты 2 есеге қысқарды.

Айтып өтейік, еліміз бойынша медицина саласын цифрландыру ісі өткен жылы басталған еді. Жаңа бастамаға Түркістан қаласы алғашқылардың бірі болып кірісті.  Сөйтіп өткен жылдың өзінде қалалық емханада 20 құжат цифрлы түрде беріле бастады. Биыл сол көрсеткіш 32-ге артты.

М.ЖАРЫЛҚАСЫН                                                                                            

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫН КӨРГЕНДЕР АЛҒЫС АЙТТЫ
20:12, 20 наурыз 2019
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫН КӨРГЕНДЕР АЛҒЫС АЙТТЫ
Толығырақ...
ОТЫЗ ЖЫЛ ЕЛДІ БАСҚАРҒАН, БАРЛЫҚ ЕЛМЕН ДОС БОЛҒАН...
20:12, 20 наурыз 2019
ОТЫЗ ЖЫЛ ЕЛДІ БАСҚАРҒАН, БАРЛЫҚ ЕЛМЕН ДОС БОЛҒАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...