ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ 222-ГЕ ЖЕТТІ Толығырақ

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ШАРДАРАЛЫҚТАР

18:21, 9 қыркүйек 2019

Шардара ауданынның талантты спортшы ұл-қыздары бүгінде елімізді төрткүл дүниеге танытып келеді. Жеңімпаз жерлестеріміз Арман Қарсыбаев басқаратын Түркістан облыстық №4 олимпиадалық спорт мектебінің талантты шәкірттері. Жеңістері мен жетістіктері көп спорт мектебінің ұжымы туралы келесі бейнематериалда.

Құрылғанына бір  жыл  енді  толған Түркістан облыстық №4  олимпиадалық  спорт  мектебінің   ұжымы көптеген  жетістіктерге  жетіп  келеді. Осы мектепте  спортпен  кәсіби  тұрғыда  айналысып  жүрген  800-ден  астам  шәкірт тәрбиеленуде.Мұнда   дене  шынықтыру  мен  спортты  дамыту мақсатында 7   бөлім    15 спорт  түрінен спортшыларды шынықтыруда.    Ауыр  атлетикадан болашағы  жарқын Әлішер  Тұрғанбаев  күнде зіл  темір  көтеруден  жаттығу  жасайды.

 ӘЛІШЕР  ТҰРҒАНБАЕВ -  АУЫР  АТЛЕТИКАДАН   ЕЛ  ЧЕМПИОНЫ 

  Қазақстанды  әлемге  танытып  келе  жатқан Шардара  ауданының талантты саңлақтарын бүгінде 60  білікті  бапкер жаттықтырады. Дзюдо   бөлімінің  аға  бапкері  Нұрқасым Алтынбеков  соңғы  кездері  қазақ  балалары  арасында күрес спортына  деген  қызығушылық  артқанын айтады.

 НҰРҚАСЫМ  АЛТЫНБЕКОВ – ДЗЮДО СПОРТЫНАН  АҒА БАПКЕР

Шардаралық  спортшыларға   дұрыс жол  көрсетіп  келе  жатқан бапкерлердің  біліктіліктерін  көтеру  де  назардан  тыс  қалмаған. Қазір  мұнда 22 спортшы Қазақстан  ұлттық  құрама  командасының  мүшесі  болса, 121- спорт  шеберлігіне  үміткер, 9 - халықаралық  дәрежедегі  спорт  шебері дайындалған.

НҰРАЛЫ САПАРОВ –  ТҮРКІСТАН  ОБЛЫСТЫҚ  №4 ОЛИМПИАДАЛЫҚ  СПОРТ  МЕКТЕБІ  ДИРЕКТОРЫНЫҢ  ОҚУ-ІСІ  ЖӨНІНДЕГІ  ОРЫНБАСАРЫ

   Гір  көтеруден Сербияда 6-11 қараша  күндері   өтетін  әлем  чемпионатына  шардаралық   Медет  Әуесбек, Нұрбатыр Тұрғанбай, Нұрболат  Ергеш және  Нұргелді Мырзабек жоғары  деңгейде  дайындалуда. Ал, Дубайда аса  жауапты жекпе-жек Азия  чемпионатына  Диар  Роман еліміздің  намысын  қорғайтын  болады.

 

А.Мырзахметов            

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
18:53, 26 мамыр 2020
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...
МАҚТААРАЛДА ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ШИТ СЕБУ БАСТАЛДЫ
18:42, 26 мамыр 2020
МАҚТААРАЛДА ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ШИТ СЕБУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЗООБАҚТЫҢ  63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
15:23, 26 мамыр 2020
ЗООБАҚТЫҢ 63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар