ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

«ӘЛЕМГЕ ҚҰШАҚ АШҚАН - ТҮРКІСТАН» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

12:25, 7 ақпан 2020

Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Әлемге құшақ ашқан - Түркістан» атты жаңа жоба басталды. Тың бастаманың негізгі мақсаты – көне шаһарды халықаралық туризм орталығына айналдыру. Ол үшін алдымен қызмет көрсету сапасын жақсарту керек. Волантерлар сол жүйені қалыптасыруға күш салмақ. Ерікті түрде қолға алынған шара облыс орталғында басталып кетті.

Көне шаһардың туристік әлеуетін арттыруды көздеген жастар қаладағы туристер мен қонақтар көп баратын қоғамдық орындармен мейрамханаларды аралап, қызметкерлер мен даяршыларға «алтын қағидалар» жазылған жадынамалар таратты. Онда қалаға келген саяхатшыларға сапалы қызмет көрсету, жол сілтеу, алдамау, сыпайылықпен қонақжайлылық таныту сияқты кеңестер жазылған. Енді еріктілер «сол жаднамада жазылған ескертпелер еленсе»,-дейді.

Амалбек Өміртай, Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы

Облысымызға қонақтар келгенде қандай қарым-қатынас жасау керек? Осыған жауап беретін біздің алтын қағидамызды халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Осы бағытта біз Жастардың күшімен, еріктілердің күшімен қызмет көрсету саласын жоғарғы деңгейге жеткізіп, облысымызды, Түркістан қаласын үлкен туристік әлеуетке ие болатын орталыққа айналдыруды жоспарлап отырмыз.

Бір күннің өзінде еріктілер бірнеше туристер аялдайтын орындарды аралап үлгерді. Барлық жайларда олар алдымен ұжыммен кездесіп, өз мақсаттарын жеткізді. Сөйтіп, туристерге әлемде қандай көзқараспан қарайтынын айтты. Алғашқы нәтиже жаман емес. Өйткені, барлық кәсіпкерлер еріктілер ісін құптайтындықтарын білдірді.

Үміт Қанған - ерікті

Бұл мейрамханаларда бізді өте жылы қабылдап жатыр. Әкімгерлері бізді өздерінің ұжымымен таныстырып, оларға біздің «алтын қағидаларымызды» көрсетіп, оларға қалай жұмыс жасалынатынын түсіндіріп жатыр. Әрине, бұл бізді қуантатын жағдай.

 Еріктілер ойынша «Қалаға келген қонақтарға сапалы қызмет көрсету үшін әрбір адамның шет тілін білуі маңызды емес. Тек күліп қарсы алып, ұмытылмас саяхатта жүргендерін сезіндіру қажет»-дейді. Осы ұстанымдар ұстын болған «Алтын қағидалар» алдағы уақытта әрбір түркістандықтың басты ұстанымына айналатынына сенімді.

 М. Жарылқасын                                      

 


 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:23, 30 қазан 2020
БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...