Әлеуетті қолдау акциясы

«Әлеуметтік қолдау–әлеуетті қолдау». Мақтаралда көшбасшы партия «Нұр Отанның» аудандық филиалы қайырымдылық шарасына мұрындық болды. Аудан көлеміндегі аз қамтамасыз етілген, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созды.

15:40, 19 мамыр 2017   188

Кәсіпкерлер мен әл-ауқатты азаматтарды қайырымдылық шарасына тарту.  Бұл – мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы съезінде қадап тапсырғаны. Бастамаға Мақтарал ауданының Құрметті азаматы, партия ардагері, облыстық маслихаттың  депутаты Сәду Кетебайұлы қолдау көрсетті. Аймақтағы көмекке зәру,  күн көрісі нашар, асыраушысы жоқ отбасыларға демеушілік жасады.

Сәду Бекенов – Облыстық мәслихат депутаты

Тәуелсіздігінің тұғырын берік етіп, еңсесі биік ел атанған Қазақ қауымы бүгінде өркениет көшінің бел ортасына келеді. Дей тұрғанмен, елде әлеуеті әлжуаздар әлі барын осыдан бір жыл бұрын қолға алынған акция да айқындай түседі.

Әбдіманап Байдуллаев – «Нұр Отан» партиясы Мақтарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

 «Әлеуметтік қолдау – әлеуетті қолдау» қайырымдылық акциясына тізімдегі азаматтар түгелдей  қатысып, арнайы талон арқылы өздеріне тиесілі заттарын алды.

Назгүл Адилова – Жетісай қаласының тұрғыны

Айбостан Қалжанова – Жетісай қаласының тұрғыны

Акцияда жүрек төрінен жолданған жылы лебіздер әсерлі әнге ұласып, көмекке мұқтаж жандардың көңілін серпілтті. Қайырымдылық шарасы алдағы уақытта жергілікті жерлердегі 20 бастауыш партия ұйымдары мен 3 кентте, қалада жалғасын табады.      

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит                                        

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07