ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Сенатор халықпен кездесті

12:28, 15 шілде 2017

«Жаз келді» деп, жұрт демалғанда, депуттар ел аралап, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап жүр. Еліміздің үшінші жаңғыруы тұсында Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Шардара және Арыс аудандарына барды. Тұрғындармен сан сауал, мың мәселені талқылады. Сондай-ақ, халықты Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сенатордың айтуынша, 2016 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың 30-шы маусымына дейін депутаттар 84 Заң қабылдаған.

Бұл Заңдар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, өмір сүру бағытын оңтайландыру мақсатында қабылданды. Оған түрткі болған еліміздегі маңызды оқиғалар мен тарихи сәттер еді. Мәселен, Елбасы жариялаған Үндеу, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдау және «Рухани жаңғыру» мақаласы. Бұл маңызды құжаттардың мәні неде екенін әрбір тұрғын жіті түсінуі тиіс, - дейді халық қалаулысы. Сондықтан, оған бірлесіп жетудің жолын білуіміз керек, -деді.

Әли Әбдікерімұлы экономиканың еселеп, елдің еңсесін нықтау үшін ауыл шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алу керек деген пайымдаБұл секторда тиімді іс кооперация құру болмақ. Осыған байланысты, жиынға қатысқан аудан түрғындарынан қандай кедергілер кездесіп жатқанын сұрады. Парламент қабырғасындағы түстік өңір тумалары Асқар Бейсенбаев, Қуаныш Айтаханов және оның орнына жаңадан сайланған Әлімжан Құртаевтармен бірлесе отырып, ауданды дамытуға қажетті қаржыны бөлуге атсалысып жатырмыз, - деді.

Халық қалаулысының Арыс жеріне сапары да сәтті өтті. Өзен жағасын мерейлі мекен еткен халық Сенат депутатымен ашық-жарқын әңгіме өрбітті. Өздерін толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды. Әли Бектаев тұрғындар тарапынан айтылған өтініш-тілектерге жауап беріп, Республика деңгейінде шешілуі тиіс сұрақтарды Парламент қабырғасында көтеретінін айтты. Тағылымды кездесулер алдағы уақытта да жиі өткізілмек.

АЙЖАН Әшірхан

Тақырып бойынша материалдар

Шымкенттік прокурорлар халыққа жақындай түсті
21:41, 20 қыркүйек 2017
Шымкенттік прокурорлар халыққа жақындай түсті
Толығырақ...
Жолаушылар тасымалына байланысты мәселені шеше алмаған мамандар басқа әдіске көшті
18:04, 20 қыркүйек 2017
Жолаушылар тасымалына байланысты мәселені шеше алмаған маман...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
16:10, 18 қыркүйек 2017
ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
Толығырақ...
Шымкентте салынатын құрылыс нысандарының жоспары таныстырылды
17:40, 14 қыркүйек 2017
Шымкентте салынатын құрылыс нысандарының жоспары таныстырылд...
Толығырақ...
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
21:37, 18 қыркүйек 2017
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
Толығырақ...