ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ

15:06, 14 қаңтар 2021

Түркістанда әлеуметтік дүкен ашылды. Тұрмысы төмен отбасыларға арнап есігін айқара ашқан дүкенде тегін киім-кешек пен азық-түлік таратылып жатыр. Одан бөлек, жағдайы қиын отбасыларға шамасы келгенше көмір түсіріп берген. Енді балалардың оқу ақысы мен спорт алаңшаларын салып беруді көздеп отыр. Мұнан бөлек тағы қандай бастамаларды жүзеге асырмақшы.

Алты баланың анасы Жәннат Әубәкірова әлеуметтік дүкен ашылғанын естіп, Кентау қаласының маңындағы Жүйнек деген ауылдан арнайы келіпті. Жолдасы осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болып кеткен. Сондықтан, бала-шағаны асыру жалғыз басты ананың мойнында. Сүт кенжесі 7-де. Дүкеннен табылса, үйдегі қарадомалақтарына киім-кешек алып кетпекші.

ЖӘННАТ ӘУБӘКІРОВА, ЖҮЙНЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы жерде балаларыма керекті заттарын алып жатырмыз. Көпбалалы отбасыларға жәрдем беріп жатқан азаматтарға, осы жерде ашқан адамдарға рахметімді айтамыз.

Әлеуметтік дүкен қайырымдылық қордың жанынан ашгылған. Мұнда киім-кешектен бастап, азық-түлікке дейін бар. Жаны жомарт азаматтар осында тұрмысқа қажетті заттарды тегін әкеп табыстаса, дүкен қызметкерлері мұқтаж отбасыларға тегін таратып береді. Ашылғанына оншақты күн болса да, 8 жанұяға ас-ауқат тағы бес отбасыға көмір түсіріп берген. Былайша, дүкеннен күнделікті киім алып жатқаны қаншама.

Кішкентай қызына киім көрсетіп тұрған келіншек

Аты айтып тұрғандай, бұл жерге көпбалалы отбасылар жиі келеді. Қалағанынша алып, ұнағанын киіп кетеді. Себебі, бәрі тегін. 

ЖОМАРТ ТӨРЕХАНҰЛЫ, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРДЫҢ МҮШЕСІ: Қатты қиналып отырған жандарға дәрі-дәрмекпен қол ұшын созамыз. Болашақта, ауылдық жерлерде спорт алаңдарын созсақ деген мақсат бар. Және көп балалы отбасылардың балалары оқуға түседі. Сол кісілердің балаларына грант тауып берсек деген ойымыз бар.

Жақсылық жасауды жанына желеу еткен қайырымды жандар бұған дейін 200-ге тарта отбасыға азық-түлік пен балаларға оқулық табыстапты. Сондай-ақ, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер мен су тасқынынан азаптанған мақтаралдықтарға да қол ұшын созған. Алдағы уақытта игі істерін одан әрі жалғастыра бермекші.

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒАТТЫҢ ТОСЫН МІНЕЗІ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕГЕН
19:27, 25 қаңтар 2021
ТАБИҒАТТЫҢ ТОСЫН МІНЕЗІ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ЖАНАР БЕКТАЕВА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:08, 21 қаңтар 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІ...
Толығырақ...