ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ КІМДЕР АЛАДЫ?

15:24, 15 наурыз 2019

Бүгін Шымкент қаласында «Ақпараттық коммуникациялық орталығы» ашылды. Осыған орай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова барлық БАҚ өкілдерінің басын қосып, арнайы брифинг өткізді. Онда Елбасының көпбалалы отбасыларға көрсетілген әлеуметтік көмегі жайында сөз болып, кімдер ие болатыны айтылды.

«Әлеуметтік қамқорлық» атты бастаманы насихаттауға арналған басқосуда атаулы көмектің жай-күйі таныстырылды. Алдағы уақытта  Шымкент қаласында 20 мыңнан астам отбасы атаулы көмекті алатын болады. Барлық есептер жүргізіліп, бүгінгі таңда республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінімдер тапсырылды. Шымкентте 36 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат болса, оларға  цифрлық форматта көмек көрсету шаралары қолға алынбақ. Сондай-ақ барлық облыстарда е-халық базасы орнатылған. Цифрландыру арқылы әлеуметтік көмекті, бір терезе қағидасы арқылы алу жолдары қарастырылмақ.

 Гүлжан Құрманбекова  - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

 Бұл жерде көп балалы, аз балалы емес, бала саны екеу болсада, төртеу болсада айына табатын табысын, жан басына шаққанда 20 мың 7 жүз 89 теңгеден аспаған отбасылар әлеуметтік көмекті алуға құқылы.

Тұрғын үй мәселесіде оң шешілмек.  Қазір үй кезегінде 37 мыңнан астам адам тұрса, оның 3585-і көп балалы ана. Шымкентте қазір 4524 пәтерлі 81 үйдің құрылысы жүргізілуде. Аталған үйлерден  әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы азаматтарға және жас отбасыларға пәтер қарастырылуда.

 Гүлжан Құрманбекова  - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Осы жыл соңына дейін 828 пәтерлі 14 үйдің құрлысын аяқтап, таратамыз деп отырмыз. Кезекте тұрған азаматтарға одан бөлек биыл 540 пәтер тапсырылды. Ол пәтерлер осы айда комииссия жұмысны бастап, таратылуда. Нәтижесінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға жыл соңына дейін 1368 пәтерді тапсырамыз деп отыр.

Сондай-ақ көп балалы аналардың сауаттылығын ашу мақсатында «Әлеуметтік қолдау аналар орталығын» ашу жоспарланып отыр.Онда нәзік жандылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алатын болады.  «Мейірім» қайырымдылық электронды орталығы арқылы тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілетін болады.

Ә. Дәулетбекқызы                                                              

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар