ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК МІНДЕТТЕР ШЕШІЛЕДІ

19:58, 9 қазан 2019

Әлеуметтің әлеуетін арттыруды көздейтін құжат мәжілісте мақұлданды. Атаулы әлеуметтік көмек беру үшін бюджетке тағы түзетулер енгізілді. Бөлінген қаржы бос жатпай, ел экономикасы үшін жұмыс істесе, талай түйткілді шешуге болар еді. Сорақысы сол, атқарылған жұмыстары туралы ауыз толтыра айтып, желпіне сөйлейтін шенеуніктер қаржыны игере алмай жүр. Бұрын олар депуттардан сын естіп қайтса, енді заң алдында жауап береді. Стратегиялық жоспарды дұрыс құрып, қазына қаржысына манипуляция жасауды тоқтату керек.

Ауылдағы ағайын ауыз суға зәру.  Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласы мен бірнеше ауылға таза ауыз су тарту үшін былтыр қазынадан 2 милиард 600 миллионнан аса теңге бөлінген. Алайда су тек бір ауылға ғана жеткен. Бұл бір ғана мысал, ауыз суға бөлінген қаражат тиісті жеріне жетпейді. Неге? Бұл сұрақ бізді де, көрерменді де, депутаттарды да мазалайды.

СЕРГЕЙ СИМОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

 ("Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысындағы Пресновка топтық су құбыры құрылысының бірінші кезегінде 2,60 миллиард теңге қарастырылған. Ал қазір бұл сома 81 миллион теңгеге дейін қысқарды. Сонда үкіметтің 2019 жылғы республикалық бюджетті орындау туралы есебі 99,99 процентке шығу үшін осындай түзетулер енгізілетіні көрініп қалды. Ақшаны игеру жағын әдемілеп көрсеткенмен, нәтиже жоқ.)

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ, Қ Р экология, геология және табиғи ресурстар министрі

(Иә, мұндай мәселе бар. Қазір біз басқа мердігер таптық, ол жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады.)

Жауыр болған жауап. Тарыдай күмән, таудай күдік бар.  Жастар жылының ашылуы рәсімінде Елбасы «Жас маман» бағдарламасын дайындау үшін Үкіметке тиісті тапсырмалар берген. Қазіргі таңда өңірлерде 100 қажетті мамандық бойынша  маман оқытылуы керек еді. Алайда осы бағыттағы қажетті шаралар іске асырылмады, бюрократия бар деген сөз.

ИНДИРА БЕГАЙЛАР,ТІЛШІ

Жалпы түзетулердің нәтижесінде атаулы әлеуметтік  көмек пен медициналық қызметтерді қосымша қаржыландыруға деген қажеттілікті қамтамасыз етуге, экономика өсіміне екпін беретін қосымша өсім көздерін құруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік шығыс бюджеттің 45 пайызына жетпек.

ЗӘУРЕШ АМАНЖОЛОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ  (Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны алдыңғы нақтыланғаннан кейін 3 ай ішінде 417 мың адамға ұлғайған. Осыған орай алдыңғы жылғы бюджеттің шығыстары да 36,9 миллиард теңгеге ұлғаюда. Тұтастай алғанда, көмек алушылардың саны 1,8 млн адамды құрайды.)

Жауапты мамандардың мәліметінше даму болжамының көрсеткіштері сақталады. Жұмысшылардың еңбекақысын өсіруге, жылу энергетикасы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріледі. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй және инженерлік желілер құрылысы жанданады.

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Депутаттар 2019-2021 жылдарға арналған бюджет туралы заңға түзетулерді мақұлдады. Мемлекет қаражаты процесс үшін емес, нақты нәтиже үшін жұмсалмақ. Өйткені судың да сұрауы бар.

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...