ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ӘР КІРЕДІ

22:06, 11 ақпан 2019

Көпбалалы отбасылар үшін қосымша арендалық тұрғын үйлер салынуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы министрі мәлімдеді. Осылайша, мемлекет жылдар бойы кезекте тұрған отбасылардың баспана мәселесін жуық арада шешуге мүдделі. Әлихан Смайылов арендалық тұрғын үй үшін жыл сайын бюджеттен 35 млрд теңге бөлінетінін атап өтті. Ал енді көпбалалы отбасылар үшін қосымша тұрғын үйлер салу үшін бұдан да көп қаржы құйылуы тиіс. Сондықтан үшжылдық бюджетті қайта қарау керек. Қаржы министрі қағаз жүзіндегі осы мәселелер шешімін тапқан соң, үкімет дереу іске көшеді деп сендірді. Әлихан Смайыловтың әлеуметтік салаға қатысты басқа да жағымды жаңалықтары бар.

 Ел қазынасы үшін жауап беретін қаржы министріне бұл жолы әлеуметтік сала бойынша сауалдар көп жолданды. Көпбалалы аналардың аманатын айтқан журналистер Әлихан Смайыловтан жәрдемақының көлемін ұлғайту қаншалықты мүмкін екенін сұрап білді. Қаржы министрі бұл мәселені арнайы құрылған жұмыс тобы шешіп жатқанын жеткізді. Әзірге әлеуметтік көмектің қандай сомаға артатыны белгісіз, бірақ жәрдем мөлшері ұлғайатыны сөзсіз, - дейді ол.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ

Біздің мемлекеттік бюджет «әлеуметтік бюджет» деп айтуға болады. Соңғы 2 жылда әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың үлесі 34 проценттен 44 процентке дейін өсті. Және осы 3 жылдың ішінде, яғни 2021 жылға дейін әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат 49,1 процентке дейін өседі.

 Осы жұмыс тобы көпбалалы отбасыларды үймен қамту мәселесін де қарастырып жатыр. Алайда «қолжетімді баспанамен» қамтамасыз етпес бұрын есеп-қисабын шығарып, үшжылдық бюджетті қарау керек.

Тақырып бойынша материалдар

КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
18:22, 19 сәуір 2019
КӨЗДЕН КЕТКЕНІМЕН, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС КЕҢЕСБАЙ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАДА ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
16:55, 19 сәуір 2019
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАДА ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...
ТҮРКСОЙ ҚОНАҚТАРЫНА 200 -ДЕЙ ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
16:54, 19 сәуір 2019
ТҮРКСОЙ ҚОНАҚТАРЫНА 200 -ДЕЙ ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС СУДЬЯЛАРЫ БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
17:53, 17 сәуір 2019
ОБЛЫС СУДЬЯЛАРЫ БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ
Толығырақ...