ШҰҒЫЛ! ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ Толығырақ

ӘЛИЯ ЮСУПОВА ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР БАСТАЛДЫ

11:59, 7 маусым 2019

6 маусым күні Шымкентте Әлия Юсупова атындағы халықаралық турнир басталды. Бұл жолғы турнирге сегіз мемлекеттен жүзге жуық спортшы қатысып отыр. Додаға Олимпиада және әлем чемпиондары төрелік ететін болады.

Шымкент қаласының төрінде Әзірбайжан, Беларусь, Израиль, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Қазақстан гимнастары Әлия Юсупованың жүлдесі үшін бақ сынайды. Осыдан-ақ, доданың салмағын бағамдай беруге болар. Халықаралық турнирдің ашылу рәсіміне әлем, Азия чемпиондары мен Шымкент қаласының әкімі арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. 

Ғабидолла Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі

Гимнастар төрт жас категориясы бойынша сынға түспек. Ересектер арасында 17 спортшы бақ сынайды деп күтілуде. Ал, Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Роза Абитова мен Даяна Әбдірбекова өнер көрсететін болады. Енді олар екі күн бойы мың бұралған көркем гимнастика шеберлері өз елінің намысы үшін жарыс алаңына шығады. Ал, Әлия Юсупова баптайтын олимпиада мектебінің ізбасарлары кешенді бағдарламасымен көпшілікті тәнті етті.

Рабиға Бақытжанқызы – тілші

-Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебер Әлия Юсупова жүлдесіне арналған халықаралық турнир өз жалауын түрді. Оған 8 мемлекеттен спортшылар қатысып отыр. |Ал, жеңімпаздар 8 маусым күні анықталатын болады. Бұл жолғы турнирдің ерекшелігі сол Әлия Юсупованың Ресейлік әріптестері арнайы ұатысып отыр. Мақсат – Қазақстандық спортшыларды жігерлендіру болатын.

 Әлия Юсупова - Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері 

Анастасия Близнюк - Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы

Ал турнирге төрелік етуге халықаралық деңгейдегі қазылар шақырылып отыр. Нақтылай түссек, әлем, Азия чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында төрелік еткен Женя Морговски, Анастасия Просолова, Наталья Рентель сынды  мамандар спортшылардың аяқ алысын бақылайды.

Рабиға Бақытжанқызы

Тақырып бойынша материалдар

КҮДІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН СЫНАМА ТЕСТТЕН ӨТТІ
09:53, 4 сәуір 2020
КҮДІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН СЫНАМА ТЕСТТЕН ӨТТІ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
18:54, 3 сәуір 2020
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
09:55, 3 сәуір 2020
4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
Толығырақ...
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН  COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:16, 1 сәуір 2020
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...