ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

ЕЛТАЙ ЕЛДІМЕКЕНІН СУ БАСТЫ

19:56, 14 мамыр 2020

Табиғат тосын мінез көрсетіп, толассыз жауған жаңбырдан Шымкенттегі Елтай елдімекеніндегі бірқатар үйлерді су шайып кетті. Аталған аумақтың әсіресе Найзатас көшесінде ахуал айтарлықтай қауіпті. Қазір судан келетін қауіп сейіле бастады. Дегенмен, кеше кешкісін басталған нөсер жауыннан болған сел салдарынан 60-қа жуық үйді су алған. Жаңа ғана оқиғаның бел ортасында болып қайтқан әріптесіміздің сюжетіне мән берсек.

Тасқын судан айтарлықтай зардап шеккен Елтай елдімекеніндегі Найзатас көшесінің тұрғындары. Бұл ауылда мыңнан астам түтін бар. Куәгерлердің айтуынша, ағынды су кеше түс ауа бірден лап берген.
Қасымбек Алтаев – Найзатас көшесінің тұрғыны
Ал, Сахаркүл Шерханованың Елтай елдімекенінде 32 жылдан бері тұрып келеді. Қора-қопсы, үй іргелік егістігін түгелімен су шайып кетті. Жалғызбасты ананың қолынан келер әл-дәрмені жоқ. Табиғат апатына төтеп берген төтеншеліктерге алғысы шексіз.
Сахаркүл Шерханова – Елтай елдімекенінің тұрғыны
Апат салдарынан 60-қа жуық үйдің ауласын, қор-қопсысын су шайған. Ал, тұрғындар болса, Маятастағы №119 мектепке орналастырылды. Ауыл азаматтарының айтуынша, кеше кешкісін су деңгейі барынша көтеріліп, пойыз жолдың биіктігіне дейін жеткен. Апат айтып келмейді. Көшедегі тұрғынүйлер де жөн-жосықсыз салынған. Соның салдарынан арық-атыздардың аңғары да тым тар. Ағын су үйді баспағанда қайтсін?
Мырзагелді Асылбеков – Елтай елдімекенінің тұрғыны
Еркінбай Ырысбеков - Елтай елдімекенінің тұрғыны
Жанұшыра жаппай эвокуацияланған жұрт қорада қалып қойған төрт түлігін құтқаруға қайта оралуға тура келді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Мал басы түгел. Дін аман.
Авариялық-құтқару  жұмыстарын жүргізу үшін ТЖ департаментінің 57 қызметкері, 14 техника мен МП-100 маркалы 14 мотопомпа жұмылдырылды. Мамандар суды шығару жұмыстарын жүргізді.
Нұрболат Дербісов – Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы
Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші
Су деңгейі 20-50 см-ге дейін көтерілді. Көп мөлшерде келген судан арық жүйесі істен шығып, салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су басқан. Жалпы 60 тұрғын үй аулаларын су басты және 3 шаруашылық құрылысы қирады. Жағдай қазір тиісті мамандардың жіті бақылауында.

Г: Қалмырзақызы                                         

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...