ШҰҒЫЛ! ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ Толығырақ

ЕЛТАЙДА ЗАҚЫМДАНҒАН 5 ҮЙ ҚАЙТА САЛЫНАДЫ

15:13, 22 мамыр 2020

Елтай елдімекенінде тасқын судан қатты зақымданған 5 үй қайта салынады. Бұл үшін «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан арнайы қаржы бөлінді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев аталған елді мекеннің тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті. Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдері тұрғын алабты лайдан, тастан тазарту жұмыстарын тексеріп, төтеншеліктердің тірлігін бағамдады.

Бауыржан Мамыталиев – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Әлеуметтік қордан бүгінгі таңда тиісті қаражат бөлінген. Осы аптаның соңында құрылыс жұмыстары басталатын болады. Құрылыс компанияларына үйлерді бір жарым айда аяқтауды айттық. Бұдан бөлек, су басқан 32 үйдің зақымданғаны туралы комиссия шешім шығаратын болса әлеуметтік қордан қалпына келтіру жұмыстарына тиісті қаражат бөлуді қарастыратын боламыз.
Қала әкімінің орынбасары су басып өткен аулалар мен көшелерді тазарту жұмыстарының барысын тексерді. Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабында қазіргі таңда су толығымен тоқталып, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған.
Бауыржан Мамыталиев – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
«Үйімізді арнайы әлеуметтік қордан салып беретінін естіп, қуанып қалдық.  Жергілікті билік қолдан келгенше көмек беріп жатыр. Төтеншеліктер мен әскер қызметкерлері де тәулік бойы жұмыс атқарып аулалар мен көшелерді тазартуда»,- деген ауыл тұрғындары қалпына келтіру жұмыстарына атсалысып жүрген барша азаматтарға алғыстарын жеткізді. Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан аула аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастарды шығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда.  Сондай-ақ олар бүгінге дейін ұзындығы 30 метр болатын екі көше мен 48 үйдің ауласын лайдан тазартты.
Г. Қалмырзақызы                        
 

Тақырып бойынша материалдар

«НR - PROCESS» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БОС ОРЫНДАРҒА  2 МЫҢНАН АСА ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСКЕН
19:42, 23 қыркүйек 2020
«НR - PROCESS» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БОС ОРЫНДАРҒА 2 МЫҢНАН А...
Толығырақ...
«ШАХМАТ» АРНАЙЫ ПӘН РЕТІНДЕ ЕНГІЗІЛДІ
18:15, 23 қыркүйек 2020
«ШАХМАТ» АРНАЙЫ ПӘН РЕТІНДЕ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...