ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЕҢ ЖАС ДЕПУТАТ АРЫСҚА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА

13:47, 9 қыркүйек 2019

Арыс қаласында төтенше жағдай жарияланғанда бірліктің мызғымас үлгісін көрсеткен ағайынға өңір тұрғындары алғысын айтады. Соның ішінде облыстық мәслихаттың ең жас депутаты Қайрат Сүлейменов көптің оң ықыласына бөленіп жүр. Ол тұрмыстық тауарлар мен қайырымдылық акцияларын өткізіп, 5 миллион теңгенің көлемінде көмек көрсеткен. Осылайша халық қалаулысы халықтың сұранысын дөп басты.

Барша қазақстандықтар жарылыстан зардап шеккен Арыс жұртына қолдау көрсетіп жатыр. Облыстық мәслихаттың ең жас депутаты Қайрат Сүлейменовте қолдан келеген көмегін аямады. Бұған дейін Арыс халқына ас беріп, тұрмысқа қажетті тауарларды тарту етсе, бүгінде тұрғындардың баспана мәселесіне мән берді. Ешмановалардың шаңырағына шарапатын тигізу мақсатында жөндеу жұмыстары мен есік, терезелерін сатып әперді.   

Ұлболсын Ешманова – Арыс қаласының тұрғыны

Үйдің есік терезелерін ауыстырып,құрылыстың қарқын алуына өз көмегін көрсетті. Алғысымызды айтамыз.

Бұл көпқабатты пәтер 7-сектор аумағына қарайды. Ондағы құрылысты Түркістан облысы жүргізуде. 4 қабатты тұрғын үйде 32 пәтер бар. Мердігер мекеме Нұрсұлтан қаласынан  келген  «Батал Строй» ЖШС. Аталған компания жұмыстың көбі бітіп, азы қалғанын айтады. Халық қалаулылардың көмек қолын созуы жұмысты жеңілдетіп отыр дейді.

Талғат Момбаев – «BATAL STROY» ЖШС директоры

Жұмыстың 90 пайызын аяқтадық. Сыртқы жұмыстары бітті. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Қайрат Сүлейменовке де алғысымызды айтамыз. Осындай жандар көп болсын дейміз.

Жаны жомарт, пейілі кең азамат арыстағы орын алған оқиға көңіліне қаяу салып, жүректі елжіреткенін айтады. Сол үшін де барлық мүмкіндігін салып, көмек көрсетуге әзір тұр. Алдағы уақытта да игі шара жалғасын табатын болады.

Қайрат Сүлейменов – Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

Барлық қолдан көлген көмігімізді көрсетіп жатырмыз. Жігіттерге тапсырма беріп, басы қасынан табылуын ескертіп қойғанбыз. Алдығы уақыттада жалғысын табады мұндай шараларымыз.


Халық қалаулысы осылайша тұрғындардың жағдаймен жіті танысып, тілек-назын тыңдау үшін тоғыз жолдың торабына талай ат басын теріген. Игі ісін сауаппен сабақтастырып, көпке үлгі көрсетіп отыр. 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...