ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ЕҢБЕК ЕСКЕРІЛДІ

18:05, 21 маусым 2019

Полицейлер мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының және Түркістан облысының мемлекеттік күзет қызметі басқармасы жиын ұйымдастырды. Үздіктер марапатталып, еңбек ескерілді. Басқарма құрамына жас қызметкерлер қабылданды.

Салтанатты шарада сап түзеген бұл сайдың тасындай жігіттер өңіріміздегі мемлекеттік маңызы бар обьектілерді күзететін қызметкерлер. Ел ішіндегі тыныштыққа  сүбелі үлес қосатын мамандар. Жиында ән ұран шырқалып құттықтау тілектер айтылды. Басқарма бастығы қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Қанатбек Тілеубердиев – Шымкент қаласы және Түркістан облысының МКҚБ бастығы

Қазіргі таңда ішкі істер министрлігі және жергілікті атқару органдар тарапынан, әкімшілік, полиция департаменті тарапынан техникалық күштер күшейтілуде. Ардагерлерге құрмет көрсету қарастырылған. Мүмкіндікті пайдаланып Республика көлеміндегі ішкі істер органдарының азаматттарын құттықтаймын.

Жыл бойы атқарған еңбегіне қарай құрамдағы саңлақ полицейлер  марапатқа бөленді. Солардың бірі Ержан Жақсыбай. Взвод командирі осы салада жүргеніне 15 жылдай болған. Қырағы қызметкер еңбегі еленгеніне қуанышты.

Ержан Жақсыбай– Взвод командирі

Бүгін міне Қазақстан Республикасының Полиция күніне 27 жыл толып отыр. Осы жөнінде Департамент басшылары атынан марапатталып отырмыз. Полиция Департамент басшыларына алғысымызды айтамыз. Қызметімізді бағалап, марапаттап отырғанына. Мерекемен қызметкерлерді шын жүректен құттықтаймын.

 

 Салтанатты шарада сала ардагерлері мен қызмет барысында қайтыс болған полицейлердің туыстарына да құрмет көрсетілді.  Сонымен қатар жауапты жұмысқа жаңадан қадам басқан жастардың  ант тапсыру рәсімі өтті. Қатарға қосылғандар елімізге адал қызмет етуге серт берді.

 

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...