ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕ КӨП

16:48, 14 қаңтар 2020

Шымкенттегі Еңбекші ауданына қарасты «Көксай» елдімекеніндегі үйлердің дені тозған. 40-шы жылдары салынған көпқабатты тұрғынүйлер құлаудың шақ алдында. Шағынауданда балаларға арналған ойын алаңшалары да жоқ. Ол аз болғандай қараусыз қалған көше мен жолдарда көлік тұрмақ адам аяқ алып жүре алмайды. Бүгін көксайлық бір топ азамат осы мәселені айтып, аудан әкімінің есебіне арнайы келді.

 «Көксай» мөлтекауданы мегаполистегі ең көне мекендердің бірі. Мұнда 6 мыңға жуық халық тұрады. 250-ге жуық тұрғын үйде меншік құқын беретін құжат жоқ. Ал, егжей-тегжей жобалау жоспарына енбеген бұл баспаналар бірер айда сүрілуі әбден мүмкін.

Нұркен Аманов – Көксай елдімекенінің тұрғыны

 Бізге айтқан, әні сүріледі,міні сүріледі деп. Сол қаша болады? Нақты жауабы бар ма? Біз білмей отырмыз не үйімізді ремонттарымызды білмейміз.

Ғалымжан Ілиясов – Еңбекші ауданының әкімі

Көксай шағынауданындағы жеке үйлерді біз ең алдымен құжаттандырып алуымыз керек. өйткені ол азаматтар мемлекет тарапынан берілетін

Еңбекші ауданына қарасты Еламан, Елтай, Бадам-1, Бадам-2 шағынаудандарының тұрғындарының негізгі мәселесі – қоғамдық көлік.

Орынкүл Базарбекова – Еламан шағынауданының тұрғыны

Автобус деген мұң болды. Сенбі-жексенбі күндері мүлде жоқ болып кетеді. Біздің балаларымыздан обал болды.

Наурыз Сүгірәлиев – Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көлік және коммуникация секторының меңгерушісі 

Біз бір бағыттағы автобусты саяжайдан алып, осы елдімекенге қойдық. Ол үздіксіз қатынап жатыр. Күн санап халықтың сұранысы артып отырғанын ескеріп, тағы қосымша көлік қосамыз.

Аудан аумағындағы 5 мыңдай абонент ауызсумен қамтылмаған. Ол жалпы тұрғының 7,5 пайызын құрайды. 2020 жылы Бадам-1,Бадам-2 шағынаудандарына су құбырын тарту жұмыстары жүргізілмек.

Ғалымжан Ілиясов – Еңбекші ауданының әкімі

Бадам-1,Бадам-2 шағынаудандарына су тарту жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Аудан тұрғындарының өтініштері негізінде осы жылы қолға алынған құрылыс жұмыстары да осы 2020 жылға өтпелі болмақ.

Тұғындар мұнан өзге тар көшедерді кеңейту, мектеп маңайына бағдаршам орнату сынды мәселелерді көтерді. Бадам көпірінің құрылысы мен емхана жұмысын жүйелендіруді сұрады. Өз кезегінде әкім 2020 жылы халық қауіпсіздігін сейілту мақсатында қоғамдық тәртіпті күшейтіп, көшелерді жарықтандыру ісін қолға алатынын жеткізді.

П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар