ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ЭНЕРГИЯНЫ ӘЛЕМДІК ТҰТЫНУ 2,2 ЕСЕГЕ ӨСКЕН

15:22, 12 маусым 2019

Энергияны әлемдік тұтыну соңғы 40 жылда 2,2 есеге өскен. Бұл туралы Ғаламдық энергетикалық агенттік мәлімдеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының хабарлауынша энергия ресурстарын тұтыну екі есеге ұлғайған.

Атап айтқанда, бүгінде Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі тұрақты жұмыс істеуде. Оның жүйелік сенімділігі толықтай қамтамасыз етілген. Экономика мен халықтың электр энергиясына деген қажеттілігі қанағаттандырылған. Елімізде электр энергиясын өндіруді 138 станса жүзеге асыруда. Қазақстан электр стансаларының бекітілген жалпы қуаты 21 902 МВт-ты құрады. 2018 жылдың  қорытындысы бойынша энергия өндіру көлемі 106,8 млрд кВтсағ-ты немесе 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,3 пайызға жетті. Соңғы бес жылда электр стансаларының қуаты 2 470 МВт-қа жетті немесе 2013 жылдағы деңгейден 15 пайызға артты. Бұл негізінен жылу стансалары мен жаңаратын энергия көздері есебінен өсті. Парламент  Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев соңғы 10 жылда елімізде электр энергиясын тұтыну көрсеткішінде елеулі өсім болғанын тілге тиек етті.

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар