ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

Ерекше жобаға ел де сергек қараса...

18:28, 7 желтоқсан 2017

Бәйдібек ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауқымды істер атқарылуда. Тұрғындарды жер телімімен қамту мақсатында 55 гектар жер бөлінген. Мұнда 326 отбасы үй сала алады. Алайда, қалай салады?

Бұл атырапқа барлық инфрақұрылым жүйелері жүргізілген. Су, жол, жарық бәрі бар. Тіпті, ирригация жүйесінде де мін жоқ. Ол үшін республикалық бюджеттен 676 миллион теңге бөлініп, толығымен игерілді. Ендігі мәселе, азаматтардың тұрғынүй құрылысын талапқа сай жүргізуінде болып отыр. Әзірге билік 5 жобаны ұсынған.

Жер телімдері мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кезекке тұрғандарға беріледі. Талап біреу: иесі екі жылда жерді игермесе, мемлекет меншігіне қайтарылады. Сөйтіп, келесі тұрғынға беріледі.

Десек те, ендігі мәселе - тиесілі жерлерін  алған азаматтардың    құрылыс салу тәртібі мен мәдениетіне байланысты болмақ. Өйткені, жекеменшік құрылыстарды жүргізу кезінде мемлекет қаржысына игерілген істерге жанашырлықтың жетіспей тұратын кездері бар. Сондықтан, коммуникация жүйесіне жұрттың ұқыптылығы, биліктің қырағылығы аса қажет сыңайлы.

МҰХТАР  Атабек                                                                                      

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА
20:44, 19 қазан 2018
ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОТЫРАР  ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ  ТАМСАНДЫРДЫ
13:29, 15 қазан 2018
ОТЫРАР ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ ТАМСАНДЫРДЫ
Толығырақ...