ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР 13 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫН ТАРТУ ЕТТІ

15:53, 4 тамыз 2020

Елімізде коронавирус індетімен жұмыла күресіп жатырмыз. Әр өңірдің қайырымды жандары қолдан келген көмектерін аямауда. Бұл қатарда Бәйдібек ауданы Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің түлектері де бар. Еріктілер жиналып орталық ауруханаға 13 оттегі концентраторын тарту етті.

Бәйдібек ауданындағы Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің 1999 жылы бітірген түлектерінің ұйымдастыруымен «Шұғыла» қоры арқылы орталық ауруханаға 13 оттегі концентраторын сыйға тарту етті. Арнайы поштамен келген  жасанды тынысалу аппараттарын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиевқа қабылдап алып, орталық аурухананың бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы Батыр Айтуаровқа табыс етілді. Енді бұл құрылғылар  науқастарға үлкен көмек болды.

Бағдатбек Жанғазиев – Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Біздің мақсат – бір адамға болса да көмектесу. Бұл сынақты да еңсереміз деген Бәйдібектік еріктілер жерлестерінің өмірін барынша сақтап қалуға атсалысуда. Бүгін міне осындай жанашыр азаматтарымыздың жасап жатқан игі істері елімізде орын алып отырған қиын шақта үлкен көмек. Туған жерге деген осындай игі істер жасап отырған азаматтарға алғысымыз шексіз.

Нұрсұлтан Әбдірашит                                                          

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
19:03, 22 қазан 2020
ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
18:49, 22 қазан 2020
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
13:41, 16 қазан 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
Толығырақ...