ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР, ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

12:51, 7 ақпан 2020

Еріктілер жақсылық жасауға арналған жандар». Шардара ауданында осындай атаумен марафон өтті. № 16 колледж ұжымы мен аудандық ішкі саясат бөлімі ұйытқы болған шараға студент жастар, мұғалімдер мен мектеп оқушылары қатысты. Онда жүздеген ерікті біржарым шақырым жерді жүгіріп өтіп, спорттық сайыстарда бақ сынады.

Ерікті болу – ерлік. Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары күн санап артып келеді. Қостанайда өткен Қазақстан – Ресей жастарының форумында «Ұлттық еріктілер желісі» ұйымының төрайымы  Вера Ким 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев қолдайтындығын және оған еліміздің жастары қашан да дайын екендігін атап өтті.

Талбиддин Зәкірхан – Шардара ауданының тұрғыны

Бұл күні Шардара аудандық №16 колледждің студент жастары мен мұғалімдері, қала мектептерінің оқушылары арнайы марафон өткізді. Жастар би билеп спорттық сайыстарға қатысты.  Бүгінгі таңда аймақта еріктілер мектебі ашылған. Онда 70-ге жуық жас, өз еріктерімен қоғамға пайдасын тигізуде.

Бекман Ержан – Еріктілер мектебінің жетекшісі

Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық қатарын толықтыруда. Еріктілердің ерен еңбегі ақталып, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге көтерілетініне сенім мол. Әрбір жастың бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса алынбайтын асу жоқ.

Ә. Дәулетбекқызы                          

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:23, 30 қазан 2020
БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...