ШҰҒЫЛ! ХҚКО САБЫЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ Толығырақ

ЕРКІН КҮРЕСТЕН «ШАРДАРА КУБОГЫ-2019»

12:43, 13 мамыр 2019

Шардара қаласында Түркістан облыстық №4 спорт мектебі мен Шардара аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен еркін күрестен «Шардара кубогы- 2019» болып өтті. Аталмыш сайысқа облысымыздың түкпір түкпірінен кіл мықтылар жиналып, жарыс үлкен дәрежеде, тартысты сәттерге толы болды.

 Салауатты өмір салтының негізі спортпен шұғылдану. Бүгінде спортты жанына серік еткен жастарымыздың қарасы қалың.Аудандық  спорт кешенінде өскелең ұрпақтарымызды спортқа баулу мақсатында еркін күрестен «Шардара кубогы- 2019» турнирі  өтті. Екі күнге жалғасқан сайысқа облысымыздың барлық аудандары мен Алматы қаласынан келген палуандар бақ сынады.

Мұқан Райымқұлов -  Шардара ауданының жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен аға жаттықтырушысы

  • Жарысымызға Түркістан облысының барлық аудандарынан командалар келіп қатысып отыр. Сондайқ-ақ, Алматы, Тараз қалаларынан да спортшылар келіп қатысуда. Жалпы, 400-ге жуық палуан қатысып отыр жарысқа.

Боз кілем бетінде жауырыны жерге тимеген жас палуандар жарыстың көркін қыздырды. Жасөспірім ұлдар арасында 33 келі салмақта бақ сынаған Рысбай Әділет күміс тағынса, қыздар арасындағы 36 келі салмақ нәтижесінде боз кілемнің шаңын шығарған қарындасымыз Мырзахметова Аяжанда күміске қол жеткізді. Шардара қаласында еркін күрестің ашылғанына аз ғана уақыт болсада жеткен жетістіктері аз емес.

Әділет Рысбай – Жарысқа қатысушы   

  • Мен алғашқы қарсыласымды тізек бүткіріп ақтық сынға жолдама алдым. Болашақтағы арманым, әлем, азия чемпионы болу.

Жеңіс тұғырына көтерілген барша жеңімпаздар кубокпен бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Нұрсұлтан   Әбдірашит                

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
21:35, 12 желтоқсан 2019
«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...
СПОРТ  МЕКТЕПТЕРІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  КЕҢЕС  ӨТТІ
20:07, 12 желтоқсан 2019
СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
Толығырақ...
РЫСҚҰЛОВ ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ ҮШІН ЖАНЫН ҚИДЫ
20:01, 12 желтоқсан 2019
РЫСҚҰЛОВ ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ ҮШІН ЖАНЫН ҚИДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...