ШҰҒЫЛ! ЖОҒАЛҒАН БАЛА ТАБЫЛДЫ Толығырақ

ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

17:53, 14 тамыз 2019

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Highvill Kazakhstan инвестициялық-құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесті. Аталған құрылыс компаниясы «Shymkent City» аумағында тұрғын үй нысандарын салады. Қала басшысымен кездескен компания өкілдері осынау құрылысқа қатысты жоспарларымен бөлісіп, туындаған кейбір мәселелерін ашып айтты.

Жалпы, оңтүстіккореялық компания басшылары Қазақстандағы үшінші мегаполиске озық тәжірибе енгізуге мүмкіндік беретін алаң ретінде қарайтындарын жеткізді.
Ерлан Айтаханов шетелдік инвесторлардың тұрғын үй құрылысын жүргізуде ешқандай кедергінің болмайтынын айтып, Highvill компаниясының бастамаларына оң бағасын берді. Сонымен қатар әкім тұрғын үйдің сапасынан бөлек, оның сейсмикалық жағдайға да төзімді болуын ескеру қажет екенін атап өтті.
«Shymkent City» – мегаполистің солтүстік аймағында орналасқан, 12 орамнан тұратын шағынаудан. Онда тұрғын үй мен бизнес орталықтарынан бөлек, сауда орындары, емхана, ойын-сауық орталығы, гүлзар мен демалыс аймағы болады деп жоспарланған.

Д.Нахыпбек

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
19:39, 18 қыркүйек 2020
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
18:28, 18 қыркүйек 2020
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
13:51, 16 қыркүйек 2020
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
15:57, 15 қыркүйек 2020
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...