ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ЕРЛІК-ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА - АМАНАТ

18:20, 13 мамыр 2019

Ерлік-елге мұра, ұрпаққа - аманат. ҚР Президенті Қасым –Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына арнайы награда тағайындалған болатын. Олардың қатарында Шымкенттегі 55652 әскери әуе бөлімінің әскери қызметкері, майор Сабыр Тоқбаев та бар. Жеңіс күні қарсаңында марқұмның жұбайына «Жауынгерлік ерлігі үшін медалі» табыс етілді.

Майор Сабыр Тоқбаев арманы асқақ азаматтардың бірі еді. Әрбір жасаған ісіне тыңғылықты, аса жауапкершілікпен қарайтын»,-деп еске алады әріптестері.

Дәурен Қосанов – ҚР Әскери әуе күштерінің қолбасшысы

Президенттің жарлығымен тағайындалған «Жауынгерлік ерлігі үшін наградасын» бүгін майор Сабыр Тоқбаевтың жұбайына табыстауға арнайы келдік. Біздің жігіттеріміз әрқашан жүрегімізде қалады. Жатқан жерлері торқа болсын.

Марқұмның қырық күндік асына жиналғандардың қарасы қалың. Сөз алғандардың барлығы оның Отан үшін атқарған қызметін, ерлігін айтты. Әскери қызметтегі адал еңбегі кейінгі ұрпаққа өнеге десті.

Сәтбай Халықов - майор Сабыр Тоқбаевтың жиені

Сабыр атына сай, сабырлы, елдің керемет азаматы еді. Барша ағайын туыстардың қамқоршысы, жаста болса бас болып жүрген азамат еді. Сұм ажал арамыздан алып кетті. Бүгін құран бағыштап, қырық күндік асын өткізіп жатырмыз.

Еске салсақ, наурыздың 27- күні Қызылорда облысының Жалағаш ауданында әскери әуе күштерінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап,  өртеніп кетті. Тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Бортта болған 13 қызметкер түгелдей мерт болды. Шымкенттік Сабыр Тоқбаевтың артында жұбайы мен жеті ұл-қызы қалды.

Ә. Дәулетбекқызы                                                                    

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...