ШҰҒЫЛ! ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ Толығырақ

ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

12:58, 4 желтоқсан 2018

2018 жылдың 2 желтоқсанында Алматы қаласындағы "Балуан Шолақ" спорт сарайында Қазақ күресінен "Əлем Барысы - 2018" турнирі өтті. Жарысқа 29 елден 33 балуан қатысты.Ақтық сында Айбек Нұғымаровтан айласын асыра алмаған жерлесіміз Ерсұлтан Мұзаппаров күміс медальді жеңіп алды.

Сайдың тасындай кілең мықтылар бас қосқан аламан додадан суырылып шыққан Шымкент қаласының балуаны Ерсұлтан Мұзаппаров алғашқы айналымда норвегиялық балуан Маркус Леонардсенді жеңді.Екінші кездесуінде ирандық Жафар Пахлеваниагарды аса қиындықпен ұтты. Ал, ширек финалда самбодан Əлем чемпионатының жүлдегері,тәжікстандық Дадахон Қурбаналиевпен кездесіп, жеңіске жетті. Ерсұлтан жартылай финалда қазақ күресінен - 2018 жылы Еуропа чемпионы атанған ресейлік Роман Бобиковты жеңіп, ақтық сайысқа жол алды. Финалда шығысқазақстандық өткен жылғы "Әлем Барысы-2017" турнирінің жеңімпазы өзінен әлдеқайда ауыр Айбек Нұғымаровтан жеңіліп, "Əлем Барысы - 2018" турнирінің күміс жүлдегері атанды.Ал, Айбек Нұғымаров осымен екінші рет "Əлем Барысы" атанды. Жеңімпаз атанған Айбек Нұғымаровқа 10 миллион теңге, күміс жүлдегер Ерсұлтан Мұзаппаровқа 6 миллион теңге көлемінде сый-ақы табыс етілді.

ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Биылғы жарыстардың қорытындысында ол барлық жағынан үздік болып тұр. Ол үш ірі турнирде жеңімпаз атанып үш темір тұлпар мінді.Азия ойындарының қола жүлдегері.Көшпенділер ойындарының жеңімпазы. Ел чемпионы, Халық спорт ойындарының жүлдегері. «Қазақстан барысы» жүлдесінің төртінші орын иегері. "Әлем Барысы-2018" турнирінің күміс жүлдегері, жерлесіміз Ерсұлтан Мұзаппаров туған елге асқан абыроймен оралды. Еліміздің даңқын асырған дара балуанды Шымкент xалықаралық әуежайынан, спорт жанкүйерлері зор құрметпен қарсы алды.

ЕРНҰР САПАРБАЕВ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ел қашанда-Ерлерімен даңқты! Саңлақ спортшылардың осындай жарқын жеңістерінің арқасында Шымкент қаласы Олимпиада комитетінің ең үздік басқармаға берілетін « Ұлттық жүлдесін » жеңіп алды. Басқарма басшысы Әлібек Нұртаевқа жеңіс кубогы табыс етіледі.

Ілияс ЖОЛДАС                                                                   

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
17:58, 11 желтоқсан 2018
ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
17:52, 11 желтоқсан 2018
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
17:56, 7 желтоқсан 2018
АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
13:56, 6 желтоқсан 2018
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛ...
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
13:59, 6 желтоқсан 2018
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...