ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЕШКІ БАҒЫП, ПАЙДАҒА КЕНЕЛДІ

15:59, 3 қыркүйек 2019

«Есің кетсе ешкі жи». Халық нақылындағы бұл тіркес тектен-текке айтылмаса керек. Төрт түліктің бұл түрі өте өсімтал келеді. Осыны білген Ордабасылық шаруалар ешкі бағып, көл-көсір табысқа кенеліп отыр. «Ордабасы ешкі сүт өнімдері» деген атаумен сауда нарығында сұранысқа ие өнімдер нақ осы серіктестікке тиесілі.

Асыл тұқымды шаруашылық 2017 жылы іске қосылған. Қазір серіктестікте 3 ферма жұмыс істейді. Онда 1200 ешкі бар. Соның  330-ы сауылады. Қазір сүт өнімдерін өңір тұтынушыларымен қатар,  Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына да жол тартуда. Әсіресе, ешкі сүтінен жасалған  ірімшік пен брынзаға сұраныс жоғары.  

Темур Мұратов – «Ордабасы ешкі сүт өнімдері» ЖШС атқарушы директоры

 Біздің ешкілердің сүт өнімі италиялық франциялық сырлардан кем түспейді. Ал сапасы жағынан табиғи сүт өнімдері болғасын әрине өзгелерден жоғары жүреді. Алдағы уақытта жаңа зауыт қосылады сол кезде өнімдерімізді республика деңгейінде түгел сатылады.

Жылына екі рет егізден табатын шекшек ата түлігі өте өсімтал. Өзге малға қарағанда жем-шөпті аз жейді. Ал, бұл іске ден қойған шаруа қожалығы мемлекет қолдауына иек артты. «Ал, ешкі бағуға ниеттілер болса, бұл істің қыр-сырын үйретуге дайынбыз»,- дейді кәсіп иесі.

Темур Мұратов – «Ордабасы ешкі сүт өнімдері» ЖШС атқарушы директоры

Жергілікті шаруалар ешкі асыраймын десе біз қолдаймыз. Көмектесеміз. Аудан тарапынан кәсіпкерлік бөлімінен Жамбыл облысы келіп жатыр бізге. Екі ешкі бір отбасыны асырайды.

 Жобаның инвестициялық құны 1,5 млрд теңге. Қаржыландыру көзі «Аграрлық несие корпорациясы». Шекшек ата түлігін кәсіпкерлер Нидерландтан әкелген. Алғашқыда асыл тұқымды «Заанен» ешкілерінің 500 төлі сатып алынған. Келешекте шаруа қожалығы сүт өңдеу зауытын іске қосуды жоспарлап отыр.

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар