ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

ЕСІРТКІ ЗАТЫ ТӘРКІЛЕНДІ

14:12, 8 қараша 2018

Облыс полицейлері Келес ауданында тұратын екі күдіктіден есірткі затын тәркіледі. Бірі жергілікті тұрғынның автокөлігінен табылса, екіншісі жедел іздестіру барысында анықталды. Ал, Арыс ауданында мал ұрлығы азаймай тұр. 1 млн. теңгені құрайтын 26 бас ірі қара малы ұрланып, ағайынды 2 азамат ұсталды.

Келес аудандық полиция қызметкерлерінің қазан айында жүрген рейдтік іс-шара барысында жергілікті тұрғыннан есірткі заты табылды. Жергілікті тұрғынның автокөлігін тоқтатып, тексеру нәтижесінде жалпы салмағы 4 грамды "марихуана" тәркіленді. Екі күннен соң, тағы да бір жергілікті тұрғыннан  90 грамды құрайтын есірткі бумасы анықталды. Бұл жәйт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілуде.

МАЛ ҰРЛЫҒЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

Арыста мал ұрлығы көбейген. Аудандық полиция  бөліміне жергілікті тұрғыннан  мал ұрлығы жөнінде арыз түскен.  Үпті болған ірі қараның  жалпы сомасы 200 мын тг-ні құрады. Осыған ұқсас, жәбірленушіден шағым түсіп, шығыны 1 млн.тг-ні құрайтын малдарды қорасынан ұрланғандығы жайында арыз түскен. Нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар Жамбыл  облысы мен Түркістан облысының ағайынды екі тұрғынын қолға түсірді. Тергеу барысында  ұсталған азаматтардың облыс  аумағында  6  мал ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды. Келген шығынның жалпы сомасы шамамен 2 000 000 теңгені құрайды.Қолды болған малды арнайы автокөлікпен тасымалдаған.  Осылайша олжаларын көршілес  Ордабасы ауданының базарына әкеліп сатып жіберген. Күдіктілер қамауға алынды.  Алынған нақты дәлелдемелер бойынша 3 ірі қара мал мен 18 қой өздерінің заңды иелеріне қайтарылды. 

М.ӘСЕМБЕК                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...