ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ЕСКЕ ДЕ АЛДЫҚ, ЕСКІНІ ДЕ ЖӨНДЕП ЖАТЫРМЫЗ

17:50, 13 шілде 2020

Жалпыұлттық аза тұту шарасы Ордабасы ауданындада ұйымдастырылды. Аудан әкімідігі ғиамараты алдында аудан әкімі Нұрболат Тұрашбеков бастаған топ коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Қазір аудан аумағында бұл індетпен күрес қатаң түрде жүргізілуде. Сондай –ақ оның алдын алу шаралары да ұйымдастырылып, провизорлық орталықтар дайындалуда.

Әлемді жайлаған індет біздің елімізді, оның ішінде Оңтүстік аймағын да ілмегіне ілгені анық. Онымен қаншалықты  күрес жүргізілсе де аты жаман ауру қаншама азаматтарымызды арамыздан алып кетті. Бүгінгі аза тұту күнінде марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алу шарасы аудан әкімдігінің алдында ұйымдастырылды.  

НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ – ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ия,  індетпен күресу мен оның алдын алу сияқты  сақтық шаралары       ауданда қатаң түрде жүргізілуде. Мәселен, аудан аумағында қазірге дейін 40- тан астам провизорлық орталық құрылған. Ал сондай орталықың бірі - жуырда аудан орталығында ашылмақ.  Ол бүгінге дейін бос тұрған бұрынғы аурухана ғимараты. Шатыры мен едені бүлінгені болмаса сүйегі мықты ғимарат қазір күрделі жөндеуден өтуде. Айта кетерлігі – құрылыс аудандық аурухананың үнемделген қаржысы есебінен жүргізілуде.

АБАЙ АШЕЕВ - АУДАНДЫҚ  АУРУХАНАНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ

Қазір мұнда  жергілікті тұрғындардан жасақталған 30- ға жуық жұмысшы қарқынды құрылыс жүргізуде. Жоспар бойынша ол осы шілде айының соңында пайдалануға берілмек.   Құрылысы толық аяқталса бұл  мекен     100 орындық провизорлық орталық  боп шыға келмек. 

М. Атабек                                             

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...