ШҰҒЫЛ! ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫНА ОРАЛДЫ Толығырақ

ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛЕР ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

15:04, 22 мамыр 2020

Бәйдібек ауданында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес арнаулы жиынға шақырылған әскери міндеттілер жұмысы аяқталды. Осыған орай Шаян ауылында арнайы іс-шара болып өтті. Онда аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков әскери міндеттілерді жиынның аяқталуымен құттықтап, алғыс білдірді.

Әскерилер бір ай бойы аудандағы орнатылған блок-бекеттерде тәртіпті күшейтіп, залалсыздандыру жұмыстарына атсалысты. Олар обсерваторларға және провизорларға бекітіліп, ерікті ретінде қызмет етті. Қиын сәтте халықпен бірге екендіктерін көрсетіп, күш-жігерін аямады. Бүгінгі шарада коронавирус індетінің алдын алуға қосқан елеулі үлестері үшін ерікті әскери міндеттілер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Айта кетейік, облыс бойынша 230 әскери міндетті тіркелген. Оның 12-і Бәйдібек ауданына жұмылдырылған болатын.

Ә. Дәулетбекқызы                                                                         

Тақырып бойынша материалдар

10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
19:50, 3 маусым 2020
10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Толығырақ...
АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
19:42, 3 маусым 2020
АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
13:20, 1 маусым 2020
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
Толығырақ...
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...