ШҰҒЫЛ! ӘКІМ УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ,ТҰРАНҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ Толығырақ

ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ЖАРЫС

14:10, 14 ақпан 2020

Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына биыл 31 жыл. Осыған орай Шымкенттегі мектеп оқушылары арасында әскери патриоттық сайыс ұйымдастырылды. «Мен өз Отанымның батыл қорғаушысымын» деп айдар таққан шара мегаполис шаһардағы №87 жалпы орта мектебінде болып өтті.

Әскери патриоттық жарысқа көзінде от ойнаған, қала мектептерінің мақтаулы шәкірттері қатысты. Олар – ел патриоттары. Жүрегі «Отан» деп соққан ұланның бірі – Нұрсұлтан Қасымбеков. Жігерлі бозбала жарысқа №94 орта мектептің командасын бастап келіпті.

Нұрсұлтан Қасымбеков – жарысқа қатысушы

Бүгінгі жарыс бізге көп нәрсе береді. Осы арқылы біз Отанымызды қорғауға үлес қосамыз. Әркез дайын болу керекпіз. 

Сайыстың алғашқы кезеңі қаладағы 134 мектепті түгел қамтыды. Оған 1500 жуық оқушы қатысқан. Әр ауданнан үздік шыққан 2 мектептен  8 команда жасақталды. Бүгінгі ақтық сында сайдың тасындай іріктелген 150 оқушы сап түзеп, әскери дайындықтарын пысықтады.

Қуаныш Есқараев – Шымкент қалалық білім басқармасы, әдістемелік орталығының әдіскері

Ауған жерінде қаза тапқандарды еске алуға арналған ауыспалы кубок сарапқа салынып жатыр. Шәкірттердің дайындығы өте жақсы. Өздеріңіз көһріп отырсыздар...

Ауған жерінде қаза болған сарбаздарды еске алып, ауыспалы кубок сарапқа салынған шарада шәкірттер взвод бойынша саптық қозғалыстарды орындады. Қару-жарақ бөлшектерін құрастырып, әскери қолданбалы спорт түрлерінен бақ сынады. Айту керек, биыл бұл шара төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Былтыр Шымкент шәкірттері нақ осы байқаудан республикада екінші орынды жеңіп алған болатын.  

Г. Қалмырзақызы                                        
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...
АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
17:32, 19 ақпан 2020
АСЫРАП АЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ КЕРІ ҚАЙТУЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?
Толығырақ...