ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Әскерилер баспаналы болады

17:06, 12 қазан 2017

Әскери қызметін өтеп жүріп, шейіт болған әскери қызметшінің отбасына баспана беріледі. Бүгін Мәжілісте тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжаттың тиімді тұстары жетеді, жалпы 60 мыңнан астам әскери қызметкер баспаналы болады деген жоспар бар.

       Жазира Жұмабекқызы он жылдан бері әскери қызметте. Баспана мәселесі талай адамның базынасына айналды дейді ол. Тұрғын үй мұқтаждығымызды шешсек, алаңдамай жұмыс істей береміз деп отыр.

ЖАЗИРА ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ

  • Кез-келген екінші деңгейлі банкте рәсімдеуге болады. Қолданыстағы заң бойынша пәтерге жалға төлеу үшін беріліп жатыр, ол ақша жүйесіз кетіп жатқан ақша. Зейнетке шыққан кезде өз пәтеріңсіз қаласың.

       Келесі жылы 11 мыңға жуық азаматтың өз баспанасы болады. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тұрып, банкте арнайы есепшот ашылады. Шотына ай сайын отбасылық құрамына сәйкес сол өңірдегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрі есептеліп, әр қызметкерге 18 шаршы метр тұрғын үйдің ауданы белгіленеді.

БЕРІК ОСПАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

  • 60 мыңнан асады, олардың бәрін қанағаттандыру керек.

       Мамандар алаңдауға негіз жоқ дейді. Өйткені соңғы 2016 жылда  6 миллион 200 мың шаршы метр, ал 2016 жылы 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Нұрлы жер бағдарламасының игілігі мол. Биылғы 9 айдың өзінде 8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әскерилер жиі жұмыс орнын ауыстыратыны белгілі.

ТАЛҒАТ МҰХТАРОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

  • Пәтерді рәсімдемей тез алам десе мүмкіндік беріледі, мәселен, Таразда рәсімделсе, пәтер соның атында қалады. Жалға беріп, басқа жерде жалдаған кезде жұмсай алады.

       Сонымен қатар әскери қызметте 20 жыл және одан да көп жыл еңбек ететін 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде әскери қызметтен тұрғын үйсіз шығарылған және жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алмаған әскери қызметшілерге ақшалай өтемақы төленбек. Әскери қызметкер горнизон ауыстырған кезде де, жеңілдіктер сақталады. Осындай норманы енгізу ұсынылды. Мәжіліс депутаттары құжаттың шикі тұстарын талдап, сараптап, екінші оқылымда қайта қарайды. Жалпы аталған заң жобасы 2018 жылдың бірінші қаңтарына дейін қабылданбақ. Бұл дегеніңіз Жазира Жұмабекқызы сынды талай жан өз арманына қол жеткізеді.

Тақырып бойынша материалдар

Білім - адами капитал сапасын арттырудың бастауы
18:04, 17 қазан 2017
Білім - адами капитал сапасын арттырудың бастауы
Толығырақ...
Жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап жүрген Шымкенттің әкімі алған әсерімен бөлісті
17:55, 17 қазан 2017
Жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап жүрген Шымкенттің әкімі ал...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...