ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ?

13:58, 14 қазан 2020

Карантин талаптары жеңілдеген соң, ескі көліктерді қабылдау бекетінде жұмыс қыза түсті. Бүгінде орталықтың көмегеніне жүгінгендердің қатары көбейген. Мамандардың айтуынша, бұл жерде бір күннің өзінде 50-ден астам жарамсыз темір тұлпар қабылданады.

Тозығы жеткен көліктің жолдағы қауіптілігі өз алдына, табиғатқа тигізер зияны да мол. Бүгінде Шымкентте 400 мыңға жуық көлік бар десек, оның 40 пайыздайы ескі. Бұл жердегі  көлік құралдарын утилизациялайтын кәсіпорында ескі темір-терсектің түгел көзі жойылады. Арнайы текшелеп жиналған мына көліктер Қарағандыдағы зауытқа жіберіледі. Ол жақта түгі қалмай мыжылған темір тұлпарлар қайта өңделіп шығарылады.

Нұрдаулет Жусахметов-Шымкент қалалық ескі көліктерді қабылдау бекетінің  менеджері

Клиент көлігін өткізу үшін алдымен кезекке тұрады. Очередпен келіп аз ғана құжаттар заявление, жеке куәлігі және банковский счет. Ақша соған түседі. Көлік тіркелгеннен кейін 2 күн ішінде түседі.

Волга, жигули москвич. Мұнда көлік маркаларының неше түрін көруге болады. Мамандардың айтуынша, жыл санап жарамсыз көліктерді тапсырушылардың саны артып келеді. Мәселен мұнда шамамен алпыстан астам көлік жиналған. Бұлардың бәрі – бір күннің ішінде тапсырылған көліктер. Ескі көлікке берілген төлемді сужаңа машина алу кезінде қолдануына да болады.

Нұрдаулет Жусахметов-Шымкент қалалық ескі көліктерді қабылдау бекетінің менеджері

Күніне орташа есеппен 50-60 машина қабылдаймыз. Қыркүйек айында 1400 машина қабылданған. Ал ағымдағы жылдың басынан есептегенде Шымкент қаласында 600-ға жуық көлік қабылданған. Жеңіл көлік 150 мыңнан басталады .Ауры жүк көлігі 600 мың теңге.

Ескіні жөндесең, есің кетеді,- дейді Қарабұлақ елді мекенінің тұрғыны Надырхан Хасантаев. Көлігі қайта-қайта бұзылып, шығынға батыра берген соң, одан құтылуды жөн санапты. Енді ол өз көлігінің жағдайынына қарай  өтемақы алады.

Надырхан Хасантаев-  Көлік иесі

Істен шыққан көлік құралдарын қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасы іске қосылғаннан бері Қазақстан бойынша 150 мыңға жуық көлік жоюға тапсырылды. Оның ішінде 2596 дана жеңіл көліктер , 600-ге жуық ауыр салмақтағы көлік құралдары бар. Айта кетейік, бұған дейін көлік иелерінің саудаласқан құнын алу 15 күнге созылса, қазір бұл мәселе 2 күн ішінде шешіледі.    

Айдана Қуанышқызы                                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...