ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

ЭТИКА БҰЗСАҢ ҚЫЗМЕТТЕН ҚУЫЛАСЫҢ

18:55, 10 желтоқсан 2019

Қарашаны менсінбейтін мемлекеттік қызметкерлер лауазым мінберіне шыға алмайды. Бұдан былай қызмет етикасын аяқ асты еткендерге дөрекілігі тұсау болмақ. Бұған «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына 60 тан астам толықтырулар мен өзгертулердің енгізілуі негіз болып отыр. Жаңа нормативтік актілерді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы баспасөз брифингінде баяндады.

Заңдағы өзгертулер сақа қызметкерлерге тиімді болып тұр. Жалпы конкурстарға қатысатын мемлекеттік қызметшілердің тестілеуден өтуі тоқтатылды. Енді қызмет етіп жүрген тұлға келесі бір лауазымға кедергісіз өтеді. Бірақта бұл заң мемлекеттік қызметке жаңадан орналасатындарға қатысы жоқ. Олар бұрынғы тәртіппен  жұмысқа қабылданады. Сонымен қатар Заңның жаңа нормаларына сәйкес әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындау құқығы бар адамдар тобы кеңейтілген.

Әли Көмекбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Тағыдашетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі барлар, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтағандар,  сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор субъектісінде басшы немесе басшының орынбасары лауазымын атқарған азаматтар конкурстан тыс тағайындалады.

Айтқандай қит етсе қызметтік куәлігін бетке тосатын шенеуніктердің әрекетіне тосқауыл қойылатын болды. Себебі бұдан былай куәліктің орнын пластикалық карта ауыстырады. Картаны тек арнайы құралдар оқиды. Сондықтан қызметін куәләндыратын құжат келешекте жойылады.Қайта жасақталған заңдағы тағы бір жаңалық мемлекеттік қызмет этикасы жауапкершілігінің артуы. Енді лауазым иесінде  қызметтік этиканы бұзғаны үшін алынбаған жаза болған жағдайда қызметін  жоғарылатуға тыйым салынды.

Әли Көмекбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы

Бір жерде бос лауазым бар. Мысалы сен бір жерде әдепсіздігіңді көрсеттің. Біреумен қатты сөйлестің, біреудің арына тидің. Бұрын ондай қызметкерлер тағайындала беретін. Қазір оған шектеу қойылады. Қандай лауазым болсада қатыса алмайды.

Департамент тарапынан заңдағы барлық өзгерістер мен толықтырулар өңірдегі мемлекеттік және құқық қорғау органдарындарына жолданды. Сондай-ақ, жаңашылдықтар әрбір органның персоналды басқару басшылары мен өкілдері қатысуымен өтетін кездесуде егжей-тегжейлі талқыланады.

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар