ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР МЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАМАҚ Толығырақ

ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛШЫЛАР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР

12:44, 13 мамыр 2019

Теңбіл доп шеберлері алаңда кездесті. 7 мамыр – Отан қорғаушылр күні мен Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерейтойына орай Келес ауданында әуесқой футболшылар арасында футболдан турнир өтті. Жарысқа Сарыағаш, Шардара аудандарының әуесқой спортшылары да қатысты.

Келес ауданына қарасты Қоңыртөбе елді мекенінің аумағында ұйымдастырылған дәстүрлі футбол турнирінде 40-қа жуық команда бақ сынасты. Биыл үшінші рет өткізіліп жатқан теңбіл доп шеберлерінің додасына тек Келес өңіріне қарасты ауылдық округ спортшылары ғана емес, көршілес Сарыағаш және Шардара ауданының футболшылары да қатысты.

 Сапарәлі қажы Төрегелдіұлының жүлдесіне арналған футбол турниріне өткен жылы 34 команда қатысқан болса, ағымдағы жылы 40-қа жуық құрама бақ сынады. Қос мереке қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараның өз деңгейінде өтуіне барынша атсалысып, ойынның қызықты әрі тартысты жалғасуына тырысып бақты.

Әбдірахым Ергешов – Ошақты ауылының  тұрғыны

  • Биыл үшінші жыл өтіп жатыр. Жылда қатысып отырамыз.  Былтыр 36 команданың ішінен біздің ұшқын командасы бірінші орын алып бас жүлде түйені ұтқанбыз. Міне биыл да келіп отырмыз.

Салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спорт түрлерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, дейді жарыс ұйымдастырушылары. Турнир  қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан қомақты сыйлықтар және арнайы кубоктар мен алғыс хаттар тапсырылды.  

Нұрсұлтан   Әбдірашит                

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕГАПОЛИСТІҢ ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІ БЕКІДІ
18:28, 11 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИСТІҢ ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІ БЕКІДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...