ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

ЕУРООДАҚ ЕЛШІЛЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

15:13, 6 наурыз 2020

Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің Елшілері Түркістандық студенттермен кездесті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне Қазақстан Республикасындағы Еуропа Одағының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы, Өкілетті және Төтенше Елшісі Свен-Олов Карлсон бастаған Чехия, Хорватия, Финляндия, Румыня, Австрия, Словакия, Германия мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері арнайы келді.

Кездесу барысында қонақтар  оқу ордасының  жетістіктерімен танысты.  Европа Одағының тәжірибесі негізінде Түркістанда Орта Азиядағы университеттерді трансформациялау Хабын құру мәселесі айтылды. Университет пен Еуропа Одағының  жетекші ғылыми-зерттеу институттары арасында археология бағыты бойынша  әріптестік орнату жайы қозғалды. Медициналық білім саласын Еуропа Одағының озық тәжірибесі негізінде модернизациялау жобалары талқыланды. Одан соң, Елшілер оқу орнымыздың музейімен танысып, студенттерімен дөңгелек үстел басында Ambassadors Café форматында интерактивті дискуссия өткізді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...