ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ӘЖЕЙДІ ТОНАП КЕТКЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

18:24, 14 қаңтар 2021

Учаскелік полиция инспекторының қырағылы арқасында тапа тал түсте тұрғындарды тонау қылмысы тез арада ашылды. Түркістан ҚПБ-на егде жастағы әйел арызданып келеді. Ол өз арызында базар жанында көліктен түсіп келе жатқанында, белгісіз ер адам сол қолында тұрған сөмкесін ашық түрде тартып алып, қашып кеткенін жеткізді. Жәбірленушінің сөмкесінің ішінде құжаттары және 350 000 теңгеден астам ақшасы болған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркейді.

Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары тапа тал түсте ақжаулықты әжейді тонап кеткен күдіктіні ұстауға қажетті барлық шараларды іске асырады. Осы аралықта арадан біршама күн өткенде, полицейлерге тағы бір тұрғын тонау қылмысының құрбаны болғаны жөнінде шағым түсіреді. Бұл жолы жәбірленуші базарда сауда жасаумен айналысатын жас келіншек болып шықты. Оның айтуынша, белгісіз тұлға ашықтан ашық иығында асылып тұрған сөмкесін тартып алып қашып кеткен және онда 200 000 теңгеге жуық ақшасы болған. Аталған жайтты бірден тіркеуге алған полицейлер іздестіру шараларын күшейтті. Түркістандық тәртіп сақшылары күндізгі уақытта елді тонап жүрген ер адамды анықтауға, орын алған қылмысты ашуға жүйелі шаралар жүргізді. Осы аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары да жедел-іздестіру шараларына жұмылдырылды. Нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Бұрын сотты болған ер адам қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒАТТЫҢ ТОСЫН МІНЕЗІ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕГЕН
19:27, 25 қаңтар 2021
ТАБИҒАТТЫҢ ТОСЫН МІНЕЗІ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ЖАНАР БЕКТАЕВА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:08, 21 қаңтар 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІ...
Толығырақ...