ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

ФРАНЦУЗДЫҚ ҒАЛЫМДАР ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

18:05, 11 қазан 2018

Орта Азия мемлекеттерін зерттеп жүрген атақты француздық ғалымдар Түркістан қаласына келді. Қонақтар әуелі XIV ғасырдың соңында тұрғызылған Қ.А.Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлермен танысты. Кейін ғалымдар орта ғасырда өзінің берік қамалымен әйгілі болған Сауран қаласына ат басын бұрды. Ондағы қала тарихы мен шаһардың құрылымы жайлы молынан ақпар алды.

Кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев әлем ғалымдары қызығып отырған ескі Сауран қаласы болашақта барлық туристер келіп, тамашалайтын мекенге айналатынын айтты. Сондай-ақ, Түркістан облысына келетін қонақтарға арнайы туристік бағыттар құрылып, сервистік қызметтер жанданатынын жеткізді. Еуропаға белгілі этнограф, тарихшы Франсуаз Ленобль бастаған француз ғалымдары одан соң Түркістанда бой көтеретін жаңа ғимараттар мен Қ.А.Ясауи кесенесі айналасында салынатын шығыстық үлгідегі эскиздік жобалармен танысты.
Сапар соңында шетелдік қонақтар тарих пен қасиетке бай Түркістанның туристер ошағына айналатына сенім білдірді. Еліміздің рухани астанасына туристерді тарту үшін насихатты көбейтіп, тарихи нысандардағы ақпараттық жүйелер күшейтілсе, өңірге келетін қонақтар саны артатынын жеткізді.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА       

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...