ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Толығырақ

ФУТБОЛДАН ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ

12:29, 18 шілде 2019

Шымкентте республика бойынша футболдан мектеп лигасының ойындары басталды. Қыздар арасындағы доп додасына алты облыстың командалары қатысуда.

Еліміздегі футболды әлемдік деңгейде дамыту мақсатында жасөспірімдер арасында ұлттық мектеп лигасы деп аталатын республикалық жарыс басталды. Шымкент қаласындағы турға 5-6 сыныпта оқитын қыздар командалары қатысуда. Оған бұған дейінгі жарыстарда жеңіп шыққан Алматы қаласы, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облысынан Шымкент қаласынан және олимпиада мектебінің ізбасарлары қатысуда.

Мира Мәдиева - Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы  зертхана басшысының орынбасары

  • Ұлттық мектеп лигасы негізінен 6 спорт түрінен өткізіледі. Алдағы уақытта ұлттық спорт түрлерінен өткізсек деген де ойымыз бар. Осы бағытта қазір жұмыс атқарып жатырмыз. Мектеп лигасына тек ойын спорт түрлерін қосып отырмыз. Сондай-ақ, шахмат бар, сонымен қатар, тағы спорттың бірнеше түрін қосып үлкен спартакиада өткізгелі жатырмыз.

Әр өңірдің намысын арқалап келген қыздар арасындағы бәсеке тартыспен басталды. Ұлттық жоғары дәрежедегі төреші Серғали Оспанов бастаған төрешілер тартқан жеребеден кейін, алғашқы кездесулердің ойындары өтті. Шымкент қаласы мен Атырау облысының арулары матчты жеңіспен бастады. Енді мұндай жарыс спорттың жеті түрінен жалғасын табатын болады.

Нұрсұлитан   Әбдірашит                

Тақырып бойынша материалдар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:13, 13 тамыз 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ Б...
Толығырақ...