ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Ғалымдар латын әліпбиіне өту арқылы тілдің мәртебесін көтеруге болатынын айтты

21:52, 11 қыркүйек 2017

«Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғыртудың дара, сара жолы. Озық отыздыққа енудің ең тиімді тәсілі». Белгілі ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері осылай дейді. Олардың айтуынша, қазіргі қолданыстағы төл дыбыстарымыздың саны 28-ді жуықтайды. Ал, әріптеріміздің саны - 42. Есебі, екі есе көп. Бұл орфографиялық және орфоэпиялық сауаттылықты жояды.

        Тілі ұқсас. Діні бір. Түп негізі ортақ түркі тектес елдер күні бүгінге дейін әртүрлі әліпбимен жазып келеді. Латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бір ізге түспеген. Ортақ әліпби құрастыру түркі мемлекеттерінің тарихи, рухани, мәдени байланыстарының нығаюына, ынтымақтастыққа, өзара интеграцияға алып келер еді. Белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметов осылай дейді.

Мекемтас Мырзахметов – Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор

  • 77 жыл бодандықта болдық. 1 ұрпақпен екінші ұрпақ байланыспау керек деген саясатты басымыздан өткердік. Енді сөйлеу аппаратымыз өзіміздікі болады. Мынау көмейден шыққан дыбыс бұған дейін өзге аппараттан шығып тұрғандай болып келді.

       Шаң басқан асыл мұраларымыздың дені - латын әліпбиінде жазылған. Латын қарпіне өту арқылы сол туындыларды еркін оқуымызға, зерттеуімізге мүмкіндік тумақ. Мәселен, Алаш арыстарының латын әліпбиімен жазылып, жарияланған қаншама еңбегі көпшіліктің кәдесіне асырылмай, іздеушісін күтіп жатқаны жасырын емес.

Болатбек Тілеубердиев – филология ғылымдарының докторы

  • Латынға көшу рухани жаңғыруға бастайтын жол. Балабақшадан бастап, өтсек, бұл үлкен қиындық туғызбайды. Қазір кириллицадағы 42 әріптің орнын 28 әріп басар еді...  

       Қазақтың тарихы тарам-тарам. Қилы қиындығымен өрілген. Ұлы ұлт түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кетті. Дәл осы жағдайда, латын әліпбиі қазақ баласының басын қосушы фактор болмақ. Өйткені, қазір бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланып жүрміз. Мәселен, Ресей мен Моңғолияда өмір сүретін қандастарымыз – кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз – төте жазуды, ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін мекендейтін Алаш перзенті – латиницаны қолданады. Бұл, әрине, өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатып жүр. Ал, латынға көшуге жастардың көзқарасы қандай?

Ботакөз Ізтілеу – «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің жетекшісі

  • Қазір қоғам екі тілді қоса алып жүр. Көбінесе, жастар жағы орыс тілін кең қолданады. Егер латынға өтсек, осы олқылық жойылар еді. Өйткені, латын әліпбиіне көшу арқылы біз тілдік қолданысымыздың таразы басын теңестірер едік...

        Латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі. ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал, ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни, ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы, ол - латын графикасы.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы

Тақырып бойынша материалдар

Мал ұрлығына қатысты тосқауыл күшейтілді
14:08, 25 қыркүйек 2017
Мал ұрлығына қатысты тосқауыл күшейтілді
Толығырақ...
Отырарлық жастар алтыбақан аясында бас қосуды әдетке айналдырып келеді
13:44, 25 қыркүйек 2017
Отырарлық жастар алтыбақан аясында бас қосуды әдетке айналды...
Толығырақ...
Оңтүстік қазақстан педагогикалық институтының жастары латын әліпбиін қолдайды
13:32, 25 қыркүйек 2017
Оңтүстік қазақстан педагогикалық институтының жастары латын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
16:10, 18 қыркүйек 2017
ОҚО-ғы таудың басына кемеге ұқсас ғимарат салынатын болды
Толығырақ...
Жағымды жаңалық! Тұрғын үйлерге азаматтардан өтініш қабылданып жатыр
15:58, 20 қыркүйек 2017
Жағымды жаңалық! Тұрғын үйлерге азаматтардан өтініш қабылдан...
Толығырақ...
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
21:37, 18 қыркүйек 2017
Нұржан Төлендиев журналистер алдында мақтанып қалды
Толығырақ...