ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ГАЗ БЕРІЛДІ

11:41, 12 маусым 2019

Енді бәйдібектіктер от жағып, күл шығарып әуре сарсаңға түспейді. Аймақтағы Жамбыл мен Шалдар елді мекеніне газ берілді. Салтанатты шараға қатысқан аудан басшысы жергілікті тұрғындарды құтықтап, газ жүйесінің лентасын қиды.

2014-2015 жылдары Бәйдібек ауданының орталығы Шаянға көгілдір отын берілген болатын. Қарқынды жүргізілген құрылыстың арқасында  таяу арада тағы біраз елді мекенді газбен қамту көзделіп отыр.Орталықпен іргелес жатқан Шалдар ауылының тұрғындары көптен күткен қуаныштарына қол жеткізді.

Бақытбек Танагөзов – Бәйдібек ауданының әкімі

 Мірәлбай Әбдібаев – Шалдар ауылының тұрғыны

Аудан халқын табиғи газбен қамту мақсатында қазынадан қомақты қаржы қаралған. Нәтижесінде Жамбыл ауылындағы көпшілікке  көгілдір отын берілді. Енді тұрғындардың тұрмыс түйткілі ұмытылары анық.

 Жұмакүл Тайжанова – Жамбыл ауылының тұрғыны

Ауылды дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл туралы Елбасының халыққа арнаған Жолдауларында да жыл сайын  айтылып келеді. Тапсырмаға сәйкес, Бәйдібекте ауылдың жағдайын көтеріп, көркейтіп, көгалдандыру ісі қолға алынған.  Газ құбырларын тартып, халыққа қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

 

А. Дәулетбекқызы                                                                                 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...