ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Гиперактивті ұрпақ

16:56, 12 қазан 2017

«Тәрбие басы – тал бесік». Шымкенттегі «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының ұжымы осыны ұстын еткен. Кішкентай бүлдіршіндерді тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды ерекше тәсілмен сабақтастырған. Мектепке дейінгі мекеме Елбасының рухани жаңғыру мақаласында айтылған ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңдіруге атсалысуда.

        Аруна Қуанышбектің жасы небәрі бесте. Соған қарамастан, қазақша, орысша, ағылшынша тіл сындырады.

       Ал, Асылай кез келген есепті шемішкеше шағады. Екі таңбалыны бір-біріне қосып, азайту амалдарын тез орындайды.

       Ашылғанына 5-ақ жыл толған «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері шетінен зерек. Құдды бір барлығына телеарнадан түсірілім тобы келгенде, мынаны айтасыңдар деп, жаттатып қойғандай. Әсілі олай емес. Көзімізге іліккен баланы камераға тарттық, тақылдап тұр.

       Гиперактивті ұрпақ дегеніңіз осы болар. Бәрі шетінен өнерлі. Әнді де айтады, биді де билейді.

      Балаң белсенді, өнерлі болса, оған қуанбайтын ата-ана жоқ. Мұндағы тәрбиешілердің еңбегі еш кетпеген. Ата-аналармен байланыс мықты. Басшылықтың ендігі мақсаты бөбекжай-балабақшаны арнайы орталыққа айналдыру.

        Елбасы мақаласында жазған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» сипаты осылай қалыптасса керек...

Э.Тұрлыбек

Тақырып бойынша материалдар

Білім - адами капитал сапасын арттырудың бастауы
18:04, 17 қазан 2017
Білім - адами капитал сапасын арттырудың бастауы
Толығырақ...
Жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап жүрген Шымкенттің әкімі алған әсерімен бөлісті
17:55, 17 қазан 2017
Жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап жүрген Шымкенттің әкімі ал...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...