ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ГРЕППЛИНГТЕН КЕЗЕКТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

18:47, 14 қыркүйек 2018

Астана қаласында грепплингтен кезекті әлем чемпионаты аяқталды.Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз Арби Омаров пен Марат Болатбеков алтын медальді жеңіп алды. Жеңімпаздар елге асқан абыроймен оралды.

Грепплинг күрестің бес санатын қамтитын америкалықтар ойлап тапқан спорт түрі. Онымен әлемнің барлық елі айналысады. Алда олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу жоспарлануда. Астанада өткен әлем чемпионатына алты құрлықтың саңлақтары қатысты. Құрама сапында өнер көрсеткен өңіріміздің балуандары  екі алтын медальді құрама  қоржынына салды. Атап айтқана, ересектер арасында Арби Омаров пен Марат Болатбеков қарсылас шақ келтірмей жеңіс тұғырына көтерілді. Елге жеңіспен  оралған жеңімпаздарды олимпиада мектебінің директоры Дүйсенбай Мергенбаев қабылдап сый құрмет көрсетті.

Дүйсенбай Мергенбаев – Шымкент қалалық №18 олимпиада мектебінің директоры

Сонымен қатар ересектер арасында белдесуге шыққан Асқар Құлышов күміс медальді жеңіп алды. Ал, жастар арасындағы сайыста әлемнің төрт дүркін жүлдегері атанған Бағдаулет Абызов баптаған  ерекше Мақсат Мырзагелді ерекше өнер көрсетіп, қола медальді құрама қоржынына салды.

Мақсат Мырзагелді – жарыс жеңімпазы

Қазіргі таңда грепплингтен қаламызда аранйы топ ашылды. Оған 200-ге жуық бала тартылып, жан-жақты бағыттағы жаттығуларын бастап кетті. Бапкерлер  құрамына Америкадан келген арнайы мамандар дәріс береді. Егер алда осы спорт түрі олимпиадаға еніп жатса, жекпе-жекке бейім қазақ балуандары грепплингке дайын десе болады.

Ілияс ЖОЛДАС

Тақырып бойынша материалдар

АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЙДЫ
22:39, 22 ақпан 2019
АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАН...
Толығырақ...
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:22, 22 ақпан 2019
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОЛ  КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН  ЧЕМПИОНАТЫ  БАСТАЛДЫ
12:43, 18 ақпан 2019
ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
17:26, 18 ақпан 2019
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  АШЫЛДЫ
20:28, 20 ақпан 2019
ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Толығырақ...