ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

«ХАЙВИЛЛ ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАНДА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ НИЕТТІ

19:43, 14 қыркүйек 2018

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Хайвилл Қазақстан» компаниясының бас директоры Джон Дэ Кангты қабылдады. Кездесуде екіжақты әріптестікті күшейтіп, Түркістан қаласын дамыту мәселелері сөз болды.

Өңір басшысы құрылыс саласында өзіндік орны бар кореялық компаниямен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. «Түркістан қаласын дамыту Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бақылауында тұр. Алдымызда ауқымды міндеттер бар. Қазірдің өзінде Түркістанда ғимараттар салуға көптеген компаниялар қызығушылық танытып жатыр. Сіздерді де бірге жұмыс істеуге шақырамыз. Келіссөзіміз сәтті аяқталса, жер беріліп, инфрақұрылым тартылады. Заман талабына сай нысандарды салуға мүмкіндіктеріңіз бар»,—деді облыс әкімі. «Хайвилл Қазақстан» компаниясының бас директоры Джон Дэ Канг Түркістан қаласында түрлі әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлер салуға ниетті екенін жеткізді. Кездесуде облыс әкімдігі мен компания басшылығы алдағы уақытта да келіссөздерді жалғастыру жөнінде уағдаласты. Жиыннан соң кореялық компания өкілдері Түркістан қаласын дамыту жөніндегі жобалар мен жоспарлармен танысты. 

 

Тақырып бойынша материалдар

АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЙДЫ
22:39, 22 ақпан 2019
АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАН...
Толығырақ...
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:22, 22 ақпан 2019
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОЛ  КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН  ЧЕМПИОНАТЫ  БАСТАЛДЫ
12:43, 18 ақпан 2019
ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
17:26, 18 ақпан 2019
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  АШЫЛДЫ
20:28, 20 ақпан 2019
ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Толығырақ...