ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

«ХАЙВИЛЛ» КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІН САЛМАҚ

19:57, 6 желтоқсан 2018

Түркістан қаласында «Хайвилл» компаниясы жаңа тұрғын үй кешенін салмақ. Бүгін, Жансейіт Түймебаев «High Vill Kazakhstan» ЖШС-нің Бас директоры Канг Джон Дэмен кездесті.

Басқосуда аймақ басшысы Түркістан қаласының дамуы Елбасының ерекше назарында екенін, «Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс орталығын ерекше үлгіде қалыптасатынын, Мұндағы әрбір ғимараттың сәулеті мен сәніне ерекше мән берілетінін айтты. «High Vill Kazakhstan» серіктестігі – тұрғын үй кешенін салатын бірінші және жалғыз компания болып тұр. Өз кезегінде Канг Джон Дэ тұрғын үй кешенін салу үшін жер учаскесі анықталса, құрылысты бастап кетуге дайын екенін жеткізді. 10 гектар аумаққа жоспарланған замануи нысан рухани шаһарды жаңа келбетке ендірмек.

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі

Барлық мәселені тезірек шешуге дайынбыз. Тиісті құжаттар, жердің көлемі сынды басқа да сұрақтар жедел түрде шешіледі. Жаңа кешеннің құрылыс жұмыстарын ертерек бастағандарыңыз дұрыс. Бүгінде 5 жұлдызды  «Риксос» қонақүйі мен әкімшілік орталықтың капсуласы салынды.

А.БИДАН                                              

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
12:26, 18 шілде 2019
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
Толығырақ...