ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

15:20, 15 наурыз 2019

«Қазіргі заманғы жаратылыстану – ғылыми білім берудегі проблемалар». Осындай атаумен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Оған Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның атақты ғалым-профессорлары қатысты. Халықаралық мәжілістің мақсаты – жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің ғылыми ортасын қалыптастыру. Заманауи инновациялық технологияны қолданысқа енгізу.

КСМ:  Орта мектептер мен қосымша білім беру мекеме мұғалімдеріне арналған шара осымен 3-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Педагог кадрдың заман талабынан қалмай, саналы ұрпақ тәрбиелеуі өзекті. Өйткені, сапалы білімге қол жеткізгенде ғана дамыған мемлекеттермен иық тірестіре аламыз.

Спикер:  Қанат Байболов – М. Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры

 

Халықаралық мәжілісте 3 түрлі мәселе әңгіме өзегіне айналды. Олар – Заманауи жаратылыстанудағы табыс. Жаратылыстанудағы өнер тілі және оқытушылардың ғылыми қабілетін дамыту. Шетелдік ғалымдардың айтуынша, игі шара педагогикалық табиғи және шығармашылық ғылымдар арасында тығыз әріптестік байланыс орнатуға негіз.

 Лев Маликов – Оренбург медицина университетінің кафедра меңгерушісі

Бүгінгі дәуір бәсекелестік заманы. Ақпарат пен технологияның қарыштап дамыған тұсында біз де қол қусырып отыра алмаймыз. Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры ұйымдастырып отырған шараға жыл сайын белсенділік танытып, қатысып келеміз. Балаға мектепте берілетін оқу – білімнің ең негізгісі. Сондықтан, біз бұл мәселеге бей-жай қармауымыз керек.

 

«4К моделі: Білім беру ісінде сыни тұрғыда ойлап, коммуникативтілікті дамыту қажет. Креативті білім мен командада жұмыс істей білу де маңызды». Бұл Елбасының былтырғы Жолдауында айтылған тапсырма. Ал, шара барысында ғылым-білімге үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қорының мүшелігіне қабылданды.

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
16:57, 26 наурыз 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ
13:03, 23 наурыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАД...
Толығырақ...